Елорда жаңалықтары

Елордада ұлт руханиятына қатысты қандай шаруалар атқаралып жатыр?

«Мемлекет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтсам, нағыз рухани жаңғыруды басымыздан өткеріп жатырмыз десек, артық айтқанымыз емес. Елордадағы жаңа көшелерге Әбіш Кекілбайұлы, Фариза Оңғарсынова есімдері берілсе, қаладағы бірнеше мектеп ұлт зиялыларының атымен атала бастады. Былтыр оқу орындарына Ахмет Байтұрсынұлы, Бейімбет Майлин, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жұмабек Ташенов, Мәшһүр Жүсіп, Ілияс Жансүгіров, Міржақып Дулатұлы, Әлихан Бөкейхан, Сәкен Сейфуллиндердің есімдері берілді. Биыл да ұлт зиялыларының есімдері жаңа мектептерге берілуі үшін республикалық ономастикалық коммисияның шешімін күтіп отыр. Бұл өскелең ұрпаққа өте қажет дүние. Әлем ұстаздарының бірі әл-Фараби мен ұлы Абайдың мерейтойлары да карантин талаптары сақтала отырып атап өтілді. Ас та төк той тойлайтын емес, тағылым алып ой ойлайтындай етіп өткізілді деп есептеймін. Пандемияға дейін ұлттық өнеріміз – айтыс тұрақты болып тұрды. Елорда ақын-жазушылары бас қосатын «Жазушылар үйі» Жазушылар одағының астаналық бөліміне берілді. Бүгінде онда қала зиялылары түрлі кездесулер өткізіп, ұлт руханиятына өз үлесін қосуда. Оң жағалауда «Қаламгерлер аллеясы» ашылды. Ол жерде асылдарымыз, үш бәйтерек – Ілияс, Сәкен, Бейімбет ескерткіштері тұр. Ендігі кезекте осы жерде ұлт зиялылары, Алаш қайраткерлері Міржақып Дулатов, Әлихан Бөкейхан және Ахмет Байтұрсынұлына ескерткіштер ашу жоспары бар. Бұл ұлт санасын жаңғырту жолында өте маңызды қадам деп білеміз. Күні кеше, 8 мамыр күні елорданың тумасы, даңқты батыр, ұшқыш Талғат Бигелдиновтің ескерткіші ашылды. Сонымен қатар биыл Ыбырай Алтынсарин, Дина Нұрпейісова, Қаныш Сәтбаев сынды ұлт ардақтылары да ұмытылмайды. Жақында тағы да 40-тан астам көшенің атауы ауысты», - деді әкім «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында. --> «Мемлекет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтсам, нағыз рухани жаңғыруды басымыздан өткеріп жатырмыз десек, артық айтқанымыз емес. Елордадағы жаңа көшелерге Әбіш Кекілбайұлы, Фариза Оңғарсынова есімдері берілсе, қаладағы бірнеше мектеп ұлт зиялыларының атымен атала бастады. Былтыр оқу орындарына Ахмет Байтұрсынұлы, Бейімбет Майлин, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жұмабек Ташенов, Мәшһүр Жүсіп, Ілияс Жансүгіров, Міржақып Дулатұлы, Әлихан Бөкейхан, Сәкен Сейфуллиндердің есімдері берілді. Биыл да ұлт зиялыларының есімдері жаңа мектептерге берілуі үшін республикалық ономастикалық коммисияның шешімін күтіп отыр. Бұл өскелең ұрпаққа өте қажет дүние. Әлем ұстаздарының бірі әл-Фараби мен ұлы Абайдың мерейтойлары да карантин талаптары сақтала отырып атап өтілді. Ас та төк той тойлайтын емес, тағылым алып ой ойлайтындай етіп өткізілді деп есептеймін. Пандемияға дейін ұлттық өнеріміз – айтыс тұрақты болып тұрды. Елорда ақын-жазушылары бас қосатын «Жазушылар үйі» Жазушылар одағының астаналық бөліміне берілді. Бүгінде онда қала зиялылары түрлі кездесулер өткізіп, ұлт руханиятына өз үлесін қосуда. Оң жағалауда «Қаламгерлер аллеясы» ашылды. Ол жерде асылдарымыз, үш бәйтерек – Ілияс, Сәкен, Бейімбет ескерткіштері тұр. Ендігі кезекте осы жерде ұлт зиялылары, Алаш қайраткерлері Міржақып Дулатов, Әлихан Бөкейхан және Ахмет Байтұрсынұлына ескерткіштер ашу жоспары бар. Бұл ұлт санасын жаңғырту жолында өте маңызды қадам деп білеміз. Күні кеше, 8 мамыр күні елорданың тумасы, даңқты батыр, ұшқыш Талғат Бигелдиновтің ескерткіші ашылды. Сонымен қатар биыл Ыбырай Алтынсарин, Дина Нұрпейісова, Қаныш Сәтбаев сынды ұлт ардақтылары да ұмытылмайды. Жақында тағы да 40-тан астам көшенің атауы ауысты», - деді әкім «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында.