Нұр-Сұлтанда пандемиядан зардап шеккен кәсіпкерлерге қандай қолдау көрсетілді?
«Иә, пандемияның салдарынан қабылданған карантиндік шектеулер кәсіпкерлік ортаға көп зиянын тигізді. Төтенше жағдай уақытында және одан кейінгі шектеулердің салдарынан Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 79 мың шағын бизнес субъектісі немесе 56%-ы жұмысын уақытша тоқтатты. Пандемияның әсерін сезініп, зардап шеккен бизнес субъектілері – сауда, тұрмыстық қызметтер, көлік, қоғамдық тамақтану, туризм, білім, ойын-сауық, спорт және қосалқы қызмет салаларында.Шектеу шараларын енгізуден экономикаға тиетін әсерді азайту және іскерлік белсенділікті қалпына келтіру үшін бірқатар шаруа қолға алынды. Біріншіден, айтарлықтай зардап шеккен кәсіпкерлер үшін салықтық жеңілдіктер енгізілді. Сомасы 31 млрд теңгені құрайтын 97 мыңнан астам жеке кәсіпкерлер салықтық жеңілдіктерге ие болды. Екіншіден, мемлекеттің меншігіндегі ғимараттарды жалдап отырған кәсіпкерлер, жалдау ақысын төлеуден уақытша босатылды. Үшіншіден, «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасына біршама өзгеріс енгізіліп, кредит мөлшері 6%-ға дейін төмендетілді, субсидияланатын сома 7 млрд теңгеге дейін өсірілді. Осы мақсатта бір жылда 2 млрд теңге дағдарысқа қарсы қаражат бөлініп, 500-ге жуық жоба қолдау тапты. Төртіншіден, пандемия кезінде отандық тауар өндірушілерге ерекше назар аударылуда. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жергілікті қамтуды қадағалайтын арнайы комиссия құрылды. Мемлекеттік сатып алуды жүргізу тәртібі өзгертілді. 2020 жылы комиссияның 30 отырысы өткізіліп, 18 мыңнан астам тауарға СТ-KZ, яғни отандық деген сертификаттар берілді», - деді әкім «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында.
-->