Елордада жаяу жүргіншілердің жол ережелерін бұзуы жиілеп кеткен
Іс-шара басталғаннан бері жолдың жүру бөлігін кесіп өту тәртібін бұзған 217 жаяу жүргінші анықталды. Барлық тәртіп бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полицейлер жол ережелерін елемей, ересектер балаларына ғана емес, сонымен қатар жол қозғалысының басқа қатысушыларына да қауіпті үлгі көрсететінін еске салды.
-->Іс-шара басталғаннан бері жолдың жүру бөлігін кесіп өту тәртібін бұзған 217 жаяу жүргінші анықталды. Барлық тәртіп бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Кәмелетке толмағандарды жол қозғалысына қатысушылардың құқықтары мен міндеттері туралы ақпараттандыруға ерекше көңіл бөлінеді. Білім беру ұйымдарында материалды жақсы есте сақтау және меңгеру үшін презентациялар көрсете отырып, 170-ке жуық дәрістер мен семинарлар өткізілді. Каникул кезінде автокөлік құралдарының жүргізушілерімен де жұмыс ұйымдастырылды. Іс-шара басталғаннан бері жолдарда 220, қоғамдық орындарда 76 азаматпен профилактикалық әңгімелер жүргізілді, – делінген департаменттің хабарламасында.
Полицейлер жол ережелерін елемей, ересектер балаларына ғана емес, сонымен қатар жол қозғалысының басқа қатысушыларына да қауіпті үлгі көрсететінін еске салды.