Елорда жаңалықтары

Елордада тарихи кітаптардың тұсауы кесілді

Ата тарихымыздың қатпары қалың, жұмбағы мол түркілік және Шыңғыс хан кезеңдері жайлы сыр шертетін қос еңбектің тұсаукесері жоғары деңгейде өтті. Тұсаукесерде сөз алған белгілі тарихшылар мен ғалымдар аталған еңбектердің мән-маңызы мен өскелең ұрпаққа беретін тағылымдық әсері туралы әр тараптан сөз қозғады. Еңбек авторларына шығармашылық табыс тілеп, қазақ тарихына берері мол, бедері айшықты сүбелі туынды қосылғанымен құттықтады.

«Шынгыз хан» кітабының авторы Ержан Исақұловтың айтуынша, моңғол кезеңіне дейінгі және онан кейінгі кезеңдер туралы өте сенімді деректер мен мағлұматтар ұсынатын ұлы ғалым Рашид ад-Диннің «Жамиғ ат-тауарих» еңбегінің негізінде өмірге келген.

Сан ғасырлардан бері Ұлы далада өмір сүріп, тіршілік еткен түркі халықтарының, олардың қатарында кейіннен қазақ деп аталған халықты құраған ру-тайпалардың шығу тегі, дамуы, тіршілігі, тарихы, өмірлік салт-дәстүрлері, мекенжайлары мен атақоныстары, олардың бір-бірімен қарым-қатынастары, қол жеткізген ұлы жетістіктері туралы әңгімелейтін «Ұлы түрік тарихы» еңбегінің авторы Зәріпбай Оразбай өзінің осы еңбекті дайындауда әлем ғалымдары мен тарихшылары мойындаған әйгілі парсы және араб тіліндегі дереккөздерге көбірек мойын бұрып, бұған дейінгі жаңылыстар мен бұрмалауларға түзету жасағанын айтады.

Игілікті шараға белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, білікті тарихшылар мен ғалымдар және БАҚ өкілдері қатысты.

Тұсаукесер рәсіміне қатысқан белгілі ғалым, тарих ғылымдарының докторы Задаш Дүкенбаева бұл еңбектердің отандық ғылым үшін айтарлықтай маңызы бар екенін айтты.

Ерлан МАЗАН

-->

Бүгін тұсауы кесілген қос еңбектің де басты кейіпкері – Шыңғыс хан. Шыңғыс хан мен оның ұрпақтары құрған алып империя Еуразия кеңістігінің геосаяси және геомәдени келбетіне үлкен өзгерістер әкелді. Осы кезеңге сансыз еңбектер мен зерттеулер жазылғанымен, талас тудыратын немесе жете зерттелмеген мәселелер әлі де баршылық. Рашид ад-Диннің еңбегінің негізінде дүниеге келген бұл еңбекте аса құнды ортағасырлық деректер, моңғол әлемінің этно-демографиялық алғы тарихы жайлы мәліметтер жинақталған. Кітап ұлтымыздың рухын көтеріп, жастарымызды еліміздің ертеңі үшін жан аямай еңбек етуге баулиды деп ойлаймын, - деді кітап авторы.

Сан ғасырлардан бері Ұлы далада өмір сүріп, тіршілік еткен түркі халықтарының, олардың қатарында кейіннен қазақ деп аталған халықты құраған ру-тайпалардың шығу тегі, дамуы, тіршілігі, тарихы, өмірлік салт-дәстүрлері, мекенжайлары мен атақоныстары, олардың бір-бірімен қарым-қатынастары, қол жеткізген ұлы жетістіктері туралы әңгімелейтін «Ұлы түрік тарихы» еңбегінің авторы Зәріпбай Оразбай өзінің осы еңбекті дайындауда әлем ғалымдары мен тарихшылары мойындаған әйгілі парсы және араб тіліндегі дереккөздерге көбірек мойын бұрып, бұған дейінгі жаңылыстар мен бұрмалауларға түзету жасағанын айтады.

«Ұлы түркі тарихы» кітабы М. Әуезов атындағы университеттегі түркітану ғылыми-зерттеу орталығының арнайы жобасының негізінде дайындалды. Кітапқа араб, парсы тілдерінде хатқа түскен, шынайы тарихымыздың терең қойнауынан сенімді мәлімет беретін «Жамиғ ат-тауарих», «Зафрнама», «Михман нама-и Бухара», т.б еңбектердегі деректер негіз болып отыр. Кеңестік кезеңде тарихымыз бұрмаланып, ол санамызға сіңірілді, шынайы тарихымызбен енді-енді қауышып жатырмыз. Мысалы, осы кітапта тарихта өткен 200-ден астам ұлы қолбасшымыздың аттары келтіріліп, өмірлік ерліктері жайлы сөз қозғалады. Ғылыми қауымдастық үшін де, жас ұрпақ үшін де айтары бар еңбек болады, - Зәріпбай Оразбай.

Игілікті шараға белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, білікті тарихшылар мен ғалымдар және БАҚ өкілдері қатысты.

Тұсаукесер рәсіміне қатысқан белгілі ғалым, тарих ғылымдарының докторы Задаш Дүкенбаева бұл еңбектердің отандық ғылым үшін айтарлықтай маңызы бар екенін айтты.

Бүгінгі қоғамдық ғылымдар саласының ішіндегі тарих ғылымының алдына академиялық қоғамдастықты топтастырушы және бағыттаушысы ретінде Қазақстан тарихының кеңістігін тарихи оқиғалармен, тарихи тұлғалармен толықтыру керектігі және ата тарихымыздың мәні мен мазмұнын байыту міндеті тұрғандығы белгілі. Демек, осы ретте аталған еңбектердің ауқымдылығы мен маңыздылығын атап өткен орынды. Шығыс тілдеріндегі дереккөздерге сүйене отырып, оны ғылыми айналымға жаңа қырынан енгізген бұл еңбектер ғылыми қоғамдастықтың да назарын аударуға тиіс деп ойлаймын, – дейді З.Дүкенбаева.

Ерлан МАЗАН