Елорда жаңалықтары

Елордада бес науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен коронавирус бойынша қазіргі қаладағы жағдай жайлы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Қалада коронавирус инфекциясының 599 жағдайы тіркелді. Тоғыз пайыз өсім бар. 332 науқас стационарларда жатыр. 214 адам емделіп шықты. Үйдегі карантинде 2576 адам бар. Өкінішке қарай, індеттен үш адам көз жұмды. Тоғызыншы сәуірден бастап жаппай экспресс тестілеу жүргізу басталды. Оны 15 528 адам тапсырды. Қазіргі уақытта он науқастың жағдайы тұрақты ауыр халде. Оның ішінде бес науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Жалпы 29 680 зертханалық зерттеу жүргізілді», - деді Бақтияр Мәкен Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

-->