Елорда жаңалықтары

Жұмағали Ергешбаев: Ел бірлігі - халықтың амандығы

Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Ақпарат ортылығының қызметкері Жұмағали Ергешбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесіне қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Дүниежүзімен қатар елімізде тарап жатқан аты жаман індеттің салдарынан жарияланған төтенше жағдайға байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесін оқып, біраз істің атқарылып жатқанына көзім жетті. Төтенше жағдай кезінде мұны көріп те, біліп те жүрміз. Әрине, ел басына қиындық туса басшылардың атқарар міндеті орасан мол. Дегенмен «көп түкірсе көл» демекші, ел арасында өздерінің қамқорлығын жасап жүрген жандар да аз емес. Солардың қатарында алғы шепте жүрген ақ халатты абзал жандар бар. Сондай-ақ, бизнес, өнер және тағы басқа салалардағы бірқатар азаматтың еңбегін атап өтуіміз қажет. Әрине, бұл сәт жұртшылыққа оңай тимегені анық. Кейбір аға-інілеріміз, апа-қарындастарымыздың жұмысын жоғалтып, табыссыз қалғанын естіп, көңіл - күйің түсіп, түрлі ойға батасың. Өзім де не бір ойға алған жоспарларымның орындалмай жатқанына қынжыламын. Дегенмен ел азаматы ретінде қауіпті індет Қазақстанда кең жайылып кетпеуі үшін күресіп жатқан мемлекеттік іске түсіністікпен қараймын. Соның арқасында індет басқа елдердегідей кең тараған жоқ. Ел бірлігі - халықтың амандығы. Сабыр түбі - сары алтын. Үкімет пен басшылық, үлкен-кішіміз бірауыздан бір-бірімізге қолдау көрсетсек, біз бағындырмайтын шың болмас. Біз әрқашан біргеміз», - деді Жұмағали Ергешбаев.

-->