Елордалық кәсіпкер жұмыспен қамту бағдарламасының тиімділігі жайлы айтты
Өз кезегінде білім беру орталығының қызметкері қанша маман жұмыспен қамтылғанын айтып өтті.
Жұмыспен қамтамасыз етілген жастар бағдарламалардың артықшылығы жайлы пікір білдірді.
-->Биылдан бастап жастар практикасы «Алғашқы жұмыс орны», «Қоғамдық жұмыстар» бағдарламасы арқасында көптеген жастарды шақырып, алғашқы тәжірибелерін алуына жұмыс беруші ретінде көмектесіп жатырмыз. Мемлекет жұмыс берушіні қолдап, жұмыссыздықты азайтып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беріп жатыр. Ұлттық жобаға өз тарапымнан үлес қосып жүргеніме қуаныштымын, – деді жеке кәсіпкер Айбек Нәби.
Өз кезегінде білім беру орталығының қызметкері қанша маман жұмыспен қамтылғанын айтып өтті.
Орталығымыз Көктал шағын ауданында 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап жұмыс істеп келеді. 2018 жылдан бастап Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жұмыс істеп келеміз. Нақты айтсам, 2018 жылы 7 маманды, 2019 жылы 17 маманды, 2020 жылы 21 маманды, ал 2021 жылы 27 маманды жұмыспен қамтыдық. Енді 57 маманды жұмыспен қамту бойынша келісімшарт жасастық. Қазір «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Әлеуметтік жұмыс орны», «Серебрянный возраст» бойынша 17 маманды жұмыспен қамтып отырмыз, – дейді білім беру орталығының қызметкері Анар Бекаримова.
Жұмыспен қамтамасыз етілген жастар бағдарламалардың артықшылығы жайлы пікір білдірді.
«Қоғамдық жұмыс орны» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналастым. Бұл жұмыс өзіме қатты ұнайды. Өзімнің әріптестерім де осы бағдарлама бойынша жұмысқа орналасты, – дейді қызмет алушы Айғаным Орманбайқызы.
«Жұмыспен қамтамасыз ету» бағдарламасы арқылы менеджер болып жұмысқа орналастым. Жұмысым өзіме қатты ұнайды, үйіме жақын, ыңғайлы, – деді қызмет алушы Динара Қожағұлова.
Мен қазақ күресінен жаттықтырушымын. Жастарды дәл осы бағдарлама бойынша жұмыс істеуге шақырамын. Бұл бағдарлама жастардың тәжірибе алуына үлкен мүмкіндік береді, – дейді қызмет алушы Еркебұлан Қайратұлы.