Елорда жаңалықтары

1 сәуірден бастап елордалық кәсіпкерлер грант алуға өтінім бере алады

Белгілі болғандай, 1 сәуірден бастап елордалық кәсіпкерлер грант алуға өтінім бере алады.

Елордада мемлекеттік гранттар беруге конкурс жарияланды. Құжаттарды қабылдау 1-15 сәуір аралығында жүзеге асырылады.

Инновациялық идеяларды құру, бірлесіп қаржыландыру (өз қаражатының кемінде 10 пайызы) және жаңа жұмыс орындарын құру - бизнес жобалардың міндетті шарттары.

-->

Бүгінгі таңда жергілікті бюджеттен 345 млн теңге бөлінді, оның 20 пайызы халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға бағытталады. Бұдан басқа, республикалық бюджеттен 45 млн теңге – бұл 29 жасқа дейінгі (қоса алғанда) жас кәсіпкерлерді қолдауға арналған. Жеке кәсіпкерлер, ЖШС ретінде тіркелген, сондай-ақ қалада бизнес-идеяларды іске асыруды жоспарлайтын шағын кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады, - деді Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Сапаров елордада өткен брифинг барысында.

Инновациялық идеяларды құру, бірлесіп қаржыландыру (өз қаражатының кемінде 10 пайызы) және жаңа жұмыс орындарын құру - бизнес жобалардың міндетті шарттары.