Елордада қатты бұрқасынға байланысты жедел штаб құрылды
Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД-да жолдарда төтенше жағдайларды жою жөніндегі жедел штаб құрылды, жедел телефон желісі ашылды. Барлық бағыттар бойынша азаматтар мен автокөліктерді эвакуациялауды жүзеге асыратын жоғары өтімді техника (Кунг, Трэкол) шықты. Жол полициясымен бірге автокөліктердің өтуіне жол бермеу үшін бекеттер қойылды.
Қазіргі уақытта қала бойынша аялдамаларда автобус күтіп тұрған азаматтарды жеткізу үшін 25 жергілікті вахта жұмыс істейді.
Блок-бекеттерде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ТЖД қызметкерлері ПД және жол иелерімен бірлесіп тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Авариялық-құтқару жұмыстарына барлығы жеке құрамнан 26 адам және 8 бірлік техника жұмылдырылды.
ТЖД елорда тұрғындары мен қонақтарына қала сыртына шықпауға, сақ болуға, ауа райының өзгеруі мен енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалауға кеңес береді.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112»телефонына қоңырау шалыңыз!» делінген ескерту хабарламасында.
-->Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД-да жолдарда төтенше жағдайларды жою жөніндегі жедел штаб құрылды, жедел телефон желісі ашылды. Барлық бағыттар бойынша азаматтар мен автокөліктерді эвакуациялауды жүзеге асыратын жоғары өтімді техника (Кунг, Трэкол) шықты. Жол полициясымен бірге автокөліктердің өтуіне жол бермеу үшін бекеттер қойылды.
Қазіргі уақытта қала бойынша аялдамаларда автобус күтіп тұрған азаматтарды жеткізу үшін 25 жергілікті вахта жұмыс істейді.
Блок-бекеттерде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ТЖД қызметкерлері ПД және жол иелерімен бірлесіп тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Авариялық-құтқару жұмыстарына барлығы жеке құрамнан 26 адам және 8 бірлік техника жұмылдырылды.
ТЖД елорда тұрғындары мен қонақтарына қала сыртына шықпауға, сақ болуға, ауа райының өзгеруі мен енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалауға кеңес береді.
Жел күшейген кезде ғимараттардан шығуға шектеуге кеңес береміз. Балаларды ерекше бақылауға алу және оларды қараусыз қалдырмау маңызды. Егер қатты жел соғатын болса, жерасты өткелдеріне немесе ғимараттардың кіреберістеріне тығылуға кеңес береміз. Үйлердің қабырғаларына қатты желден жасырынбаңыз, өйткені шатырлардан шифер мен басқа шатыр материалдары құлауы мүмкін, – делінген хабарламада.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112»телефонына қоңырау шалыңыз!» делінген ескерту хабарламасында.