Елорда жаңалықтары

Елордада азаматтардың құқықтарын сақтау мәселелері бойынша алқа отырысы өтті

Алқа отырысында адамдарды қылмыстық қудалау шеңберіне заңсыз тартуға ықпал еткен проблемалар мен себептер талқыланды.

Азаптауларды және тергеу жүргізудің рұқсат етілмеген әдістерін жою, сотқа дейінгі тергеуді заңсыз бастау фактілерінің жолын кесу бойынша шаралар кешені әзірленді.

Құқық қорғау органдары қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын мүлтіксіз сақтауға бағдарланды.

Сонымен қатар прокурорлар өз құқық қорғау әлеуеттерін іске асыра отырып, осы жылы тергеу органдарының қызметтік үй-жайларынан заңсыз жеткізілген және 3 сағаттан астам уақыт ұсталған 29 адамды босатты.

Алқа отырысының қорытындысы бойынша сотқа дейінгі тергеу сапасын арттыру, ведомстволық бақылауды күшейту және азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.

Жедел ден қою мақсатында өздеріңізге белгілі болған адамдарды қылмыстық процеске заңсыз тарту фактілері туралы қала прокуратурасына 71-24-67 (кезекші прокурор) нөміріне немесе Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр, 31 мекенжайына шұғыл хабарлауды сұрайды.

-->

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымы шеңберінде тұрғындардың құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру бойынша барлық шаралар қабылдансын, қылмыстық процеске қатысушылардың барлығын кедергісіз тыңдау құқығы қамтамасыз етілсін, - деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры Б.Мырзакеров.