Елорда жаңалықтары

Елордада ҰБТ өткізу тәртібі түсіндірілді

Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасында ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу тәртібі түсіндірілді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. Карантинге байланысты 9 (10) сынып оқушыларына арналған бітіру емтихандары мен 11 (12) сынып оқушыларына арналған мемлекеттік емтихандар алынып тасталды. Ал түлектер ҰБТ-ны 11-ші сыныптың төртінші тоқсанындағы бағдарлама сұрақтарынсыз тапсырады. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен білім беру ұйымдарының басшыларымен кеңес өткізіп, оның аясында жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа қабылдау, қорытынды аттестаттау, ҰБТ өткізу тәртібі, сондай-ақ кадрлық қамтамасыз ету жөнінде түсініктеме берілді. Кеңес барысында қалалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова қашықтан оқыту кезінде қорытынды аттестаттау қалай жүргізілетінін айтты. «9 (10) сынып оқушылары үшін бітіру емтихандары мен 11 (12) сынып оқушыларының мемлекеттік емтихандары тоқтатылды. Қорытынды бағалар жылдық бағалар негізінде қойылады. Сондай-ақ, IV тоқсанда бөлім үшін жиынтық бағалау бір рет (4-11 мамыр 2020 ж.) өтеді. Тоқсан бойынша жиынтық бағалау бір рет (18-22 мамыр 2020 ж.) өтеді», – деп түсіндірді Ш.Қадырова. Бұл ретте ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу форматы өзгермейді. «Биыл түлектер ҰБТ-ны 11-ші сыныптың төртінші тоқсанының бағдарламасындағы сұрақтарсыз тапсырады (яғни 5-ші сыныптан 11-ші сыныптың үш тоқсанына дейін). Тестіленушілер арасындағы қашықтық ұлғайтылады. Сонымен қатар барлық оқушының температурасы жергілікті жерлерде тексеріледі. Қосымша санитарлық шектеу шаралары қабылданады», – деді ол. Мектеп түлектерінің ҰБТ-ға қатысуға онлайн-өтінім беруі 1 сәуірден 10 мамырға дейін жүргізіледі. Елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен шектеу шаралары бойынша оқушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді және оқу жылын табысты аяқтау үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.

-->