Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлікте бетперде тақпаған бес мыңнан астам адам анықталды
Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері жолаушылардың автобустарда бетперде тағуын күнделікті тексереді. Өкінішке қарай, бетперде тақпайтын, тағудан бас тартатын жолаушылар бар. Жыл басынан бері көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері бас санитарлық дәрігердің қаулысын бұзған 5 мыңнан астам жолаушыны анықтады. 1 665 адам автобустан түсірілді. «Құрметті жолаушылар, қоғамдық көлікте бетперде тағу режимін сақтау туралы тағы да ескертеміз. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді», — делінген департамент хабарламасында.
-->Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері жолаушылардың автобустарда бетперде тағуын күнделікті тексереді. Өкінішке қарай, бетперде тақпайтын, тағудан бас тартатын жолаушылар бар. Жыл басынан бері көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері бас санитарлық дәрігердің қаулысын бұзған 5 мыңнан астам жолаушыны анықтады. 1 665 адам автобустан түсірілді. «Құрметті жолаушылар, қоғамдық көлікте бетперде тағу режимін сақтау туралы тағы да ескертеміз. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді», — делінген департамент хабарламасында.