Елордада Pfizer вакцинасы қалай және қайда салынады
Алайда, қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қазіргі уақытта вакцинация модуліне Pfizer вакцинасы бойынша тиісті өзгерістер енгізіліп жатқанына назар аударып, пациенттің деректерін сандық базаға, яғни электронды түрде енгізу әлі мүмкін емес екенін хабарлайды. Бұл жұмыс біраз уақыт қағаз жүзінде жүргізілетін болады. Ведомство барлық деректерді толтыру бойынша медицина қызметкерлерінің жұмысына түсіністікпен қарауды сұрайды.
Мамандар қайта вакцинациялау екі компонентті бірдей қабылдап толық иммундаудан өтуді қарастырады, ал ревакцинация – біреуін ғана қабылдау деп түсіндіреді.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бұл үшін елордада американдық препараттың вакциналары жеткілікті – 1 және 2 компонентті 166 мың мыңнан астам доза. Сондай-ақ, Sinopharm Verocel, Qazvac вакциналары қала тұрғындары үшін қолжетімді.
-->Алайда, қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қазіргі уақытта вакцинация модуліне Pfizer вакцинасы бойынша тиісті өзгерістер енгізіліп жатқанына назар аударып, пациенттің деректерін сандық базаға, яғни электронды түрде енгізу әлі мүмкін емес екенін хабарлайды. Бұл жұмыс біраз уақыт қағаз жүзінде жүргізілетін болады. Ведомство барлық деректерді толтыру бойынша медицина қызметкерлерінің жұмысына түсіністікпен қарауды сұрайды.
Шетелге шығатын адамдарға растайтын құжаттар ұсынылған кезде КВИ-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын қайтадан жүргізуге жол беріледі. Бұл ретте, вакцинаны таңдау сапарға шығу жоспарланған елдің талаптарына байланысты жүргізіледі. КВИ-ға қарсы соңғы екпе мен КВИ-ға қарсы вакцинацияның қайталама толық курсы арасындағы аралық кемінде 3 ай деп ұсынылады. Егер дозалар арасындағы аралық 3 айдан аспаған болса, алынған ревакцинацияны вакцинациялаудың толық курсын қайта жүргізу кезінде вакцинаның бірінші дозасы ретінде есепке алынады, – делінген хабарламада.