Елорда жаңалықтары

Алтай Көлгінов аудан әкімдеріне ескерту жасады

«Жұмыстарыңызға бірқатар ескерту бар. Ауданға тиесілі аумақты жаяу аралау керек». Нұр-Сұлтан басшысы аудан әкімдеріне осындай ескерту жасады, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. Нұр-Сұлтан әкімдігінде Алтай Көлгіновтің басшылығымен қала мен аулаларды абаттандыру, санитарлық тазалау және жолдарды жөндеу мәселелері талқыланды. Қала әкімі аудан әкімдіктерінде жауапкершілікті бір-біріне сілтеу фактілері бар екенін айтты. «Сіздер ауданға тиесілі аумақты жаяу аралап, тексермейсіздер, аудандарыңызда қандай проблема бар екенін білмейсіздер», - деп атап өтті. «Мемлекеттік комиссия бірқатар кәсіпорынның жұмысын қайта бастауға рұқсат берді. Абаттандырумен айналысу қажет. Қазір жалпықалалық сенбіліктер маусымы, бірақ өкінішке қарай, біз оларды өткізе алмаймыз. Қаланы жаяу аралаған кезде жұмыстарыңызға бірқатар ескерту бар екені анық көрініп тұрады. Ауданға тиесілі территорияны жаяу аралау керек, сонда ғана аудандарда қандай проблема бар екенін көресіздер. Қарлы қыстан кейін тротуарлар, плиталар, қоршауларды ретке келтіру қажет. Қазір жол жөндеу жұмыстарына кірісіп кеттік. Жұмыстың сапасын бақылау керек. Шағымның көбі Алматы ауданына тиесілі. Аудан әкіміне қысқа мерзім ішінде барлық кемшілікті түзетуді тапсырамын. Барлық аудан әкімдері абаттандыру, көгалдандыру, инфрақұрылымды жөндеу мәселелерімен белсенді айналысуы тиіс. Тұрғындарға далаға шығуға рұқсат берілді. Олар серуендеген кезде скверлер мен аула алаңдарына барады, барлығы дайын болуы тиіс. Шаруашылықты мұқият күтіп ұстау қажет!»,- деді Көлгінов. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында ауқымды жұмыстар атқарылады. Биыл елордада 50-ге жуық қоғамдық орын абаттандырылады. Оның ішінде саябақтар, скверлер және басқа да адам көп жиналатын орындар бар. 150 аула қамтылады. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында елордада 15 мың жұмыс орны ашылады. Бірінші кезекте жұмыс іздеушілер жұмыспен қамту орталықтары арқылы қамтылады.

-->