Елорда жаңалықтары

Елордада бір тәулікте 124 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты жол-көлік оқиғаларының саны артқан.

Ірі жол апаттарының бірі 23 наурыз күні сағат 14:30-да Қосшы қаласынан Нұр-Сұлтанға келетін жолда орын алды. Жол апатында 12 көлік бір-бірімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының себебі –метеорологиялық жағдайда жылдамдық режимін сақтамау.

Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ. Аталған факті бойынша анықтау жүргізілуде.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жүргізушілерді өте мұқият болуды, белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауды, қатты тежеуге жүгінбеуді, қашықтық пен бүйірлік аралықты сақтауды ескертеді.

-->