Қазақстанның қанша азаматының шетелден келетіні белгілі болды
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев алдағы уақытта шетелдегі Қазақстан азаматтары елге оралатынын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Қазір шетелде Қазақстанның 175 мың азаматы бар. Олардың көпшілігі Отанына оралғысы келеді. Президент айтқандай, мемлекет ешкімді қиындықта тастамайды. Сондықтан қайта оралғысы келетіндердің барлығын әкелеміз. Қазір Сыртқы істер министрлігі осы бағытта үлкен жұмыс жүргізуде», - деді Абаев арнайы брифингте. Министрдің айтуынша, кейбір дамыған елдер шетел азаматтарын емдеуден бас тартып, медициналық сақтандыруды жойып жатыр. «Біз АҚШ-тан 179 азаматымызды әкелеміз, бұл студент пен мектеп оқушылары. Польшадан 65, Израильден 28 қазақстандықты әкелеміз. Ресейден мамыр айында 6 мыңнан астам азаматты әкелуді жоспарлап отырмыз», - деді Дәурен Абаев.
-->Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев алдағы уақытта шетелдегі Қазақстан азаматтары елге оралатынын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Қазір шетелде Қазақстанның 175 мың азаматы бар. Олардың көпшілігі Отанына оралғысы келеді. Президент айтқандай, мемлекет ешкімді қиындықта тастамайды. Сондықтан қайта оралғысы келетіндердің барлығын әкелеміз. Қазір Сыртқы істер министрлігі осы бағытта үлкен жұмыс жүргізуде», - деді Абаев арнайы брифингте. Министрдің айтуынша, кейбір дамыған елдер шетел азаматтарын емдеуден бас тартып, медициналық сақтандыруды жойып жатыр. «Біз АҚШ-тан 179 азаматымызды әкелеміз, бұл студент пен мектеп оқушылары. Польшадан 65, Израильден 28 қазақстандықты әкелеміз. Ресейден мамыр айында 6 мыңнан астам азаматты әкелуді жоспарлап отырмыз», - деді Дәурен Абаев.