Елордада қантқа сұраныс үш есе артқан
Тілшілер бас қаладағы қоймаларды аралап, онда қанша қант қалғанын анықтап көрді.
Елордадағы қоймада 22 тонна қант жатыр. Бұл – тұрақтандыру қорымен келісімшарт жасасқан кәсіпорын қоймаларының бірі.
Абдель Балтатегі, «Астана» АҚ ӘКК азық-түлік қауіпсіздігі департаменті директорының орынбасары:
Ал кәсіпкерлердің айтуынша, бұрын сауда орындарына аптасына екі рет қант жеткізіліп тұрса, соңғы күндері сұраныс үш есе артып, күніне екі рет тауар әкелінетін болған. Сұраныстың күрт артқаны сонша, қапшық-қапшық қант вагондардан қоймаға емес, бірден дүкендерге кетіп жатыр.
Мұхамедияр Жұмажанұлы, кәсіпкер:
15 наурызда Ресей қант экспортына уақытша шектеу енгізді. Бұл жаңалық біздің халықты қатты алаңдатты. Қазақстандықтар дүкен сөрелеріндегі қантқа таласып, ірі сауда желілерінде тауар тапшылығы байқалды. Ал кей дүкендер бір адамға бес келіден артық қант сатпаймыз деген шектеу енгізуге мәжбүр болды. Мамандардың айтуынша, бұл алыпсатарлардың әрекетіне тосқауыл қоюдың амалы.
Назгүл Хатепова, АШМ аграрлық азық-түлік нарықтары және қайта өңдеу департаментінің директоры:
Бірақ дүрбелең басталғанда бұл тауардың бағасы да шарықтап кетті. Елордадағы кейбір сауда орындары бір келі қантты 570 теңгеден сатқан жағдайлар болды. Осы тұста депутат Ғалым Әмреев монополияға қарсы агенттіктің жұмысын сынға алып, бағаны ауыздықтау үшін арнайы орталық құруды ұсынды.
Ғалым Әмреев, Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Қазақстанда төрт қант зауыты бар. Олар ішкі нарықтың шамамен 40 процентін қамтамасыз етеді. Қалғанын импорт жабады. Ауыл шаруашылығы министрлігің мәліметінше, биыл Ресейден 250 мың тонна қант келуі тиіс. Бұл Қазақстандағы қант қызылшасының жаңа өнімін жинағанша жету керек.
Айта кетейік, еліміз жылына 533 мың тонна қант тұтынады.
-->Халық қантты жапа-тармағай сатып алды. Ал тауар көлемі үнемі толықтырылып отырады, - дейді сала мамандары.
Тілшілер бас қаладағы қоймаларды аралап, онда қанша қант қалғанын анықтап көрді.
Елордадағы қоймада 22 тонна қант жатыр. Бұл – тұрақтандыру қорымен келісімшарт жасасқан кәсіпорын қоймаларының бірі.
Абдель Балтатегі, «Астана» АҚ ӘКК азық-түлік қауіпсіздігі департаменті директорының орынбасары:
Бұл жерде қанттың көлемі – 22 тонна. Ол аз. Өйткені екі күн бұрын қойма толығымен болған еді. Аптасына екі рет екі вагон келеді. Ол жерде жүз тоннадай.
Ал кәсіпкерлердің айтуынша, бұрын сауда орындарына аптасына екі рет қант жеткізіліп тұрса, соңғы күндері сұраныс үш есе артып, күніне екі рет тауар әкелінетін болған. Сұраныстың күрт артқаны сонша, қапшық-қапшық қант вагондардан қоймаға емес, бірден дүкендерге кетіп жатыр.
Мұхамедияр Жұмажанұлы, кәсіпкер:
Вагон келді, қантты қабылдап жатырмыз. Бағасы 320 теңге. Вкусмарт, Аян, Астықжан, Фермаг желілерінде 320 теңгеден сатылады. Бір қолға 3-5 кг.
15 наурызда Ресей қант экспортына уақытша шектеу енгізді. Бұл жаңалық біздің халықты қатты алаңдатты. Қазақстандықтар дүкен сөрелеріндегі қантқа таласып, ірі сауда желілерінде тауар тапшылығы байқалды. Ал кей дүкендер бір адамға бес келіден артық қант сатпаймыз деген шектеу енгізуге мәжбүр болды. Мамандардың айтуынша, бұл алыпсатарлардың әрекетіне тосқауыл қоюдың амалы.
Назгүл Хатепова, АШМ аграрлық азық-түлік нарықтары және қайта өңдеу департаментінің директоры:
Ішкі нарықта бүгінгі жағдай бойынша 90 мың тонна қант бар. Оның 38 мың тоннасы жергілікті атқарушы органдардың мәліметі бойынша, бұл дегеніміз тұрақтандыру қорларында, қайта өңдеу кәсіпорындарында және де сақтау қоймаларында жатқан қанттың қоры. Қазіргі кездегі қорлар белгілі бір уақыттан кейін бітіп қалады деген қате тұжырым. Яғни азайған сайын ішкі нарықта келісімшарттар бойынша сол тауарлар орнына қойылып тұрады.
Бірақ дүрбелең басталғанда бұл тауардың бағасы да шарықтап кетті. Елордадағы кейбір сауда орындары бір келі қантты 570 теңгеден сатқан жағдайлар болды. Осы тұста депутат Ғалым Әмреев монополияға қарсы агенттіктің жұмысын сынға алып, бағаны ауыздықтау үшін арнайы орталық құруды ұсынды.
Ғалым Әмреев, Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Монополияға қарсы агенттік ол өзінің шешімін шығарып, онымен айналысамын дегенше 2-3 апта уақыт өтіп кетеді. Сол кезде баға шарықтап кетеді. Былтырғы жағдай сәбіз бен картопқа қатысты дәл сол жағдай болды. Біздің ұсынысымыз, өткенде Мәжілісте менде ұсыныс бергенмін, осыған арнайы бағаға болжам жасайтын орталық керек.