Әуезов көшесіндегі учаске жөндеу жұмыстарына байланысты жартылай жабылды
М.Әуезов көшесінде Дүкенұлы көшесінен Ә.Молдағұлова көшесіне дейінгі учаскеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Осыған байланысты 2-12 мамыр аралығында көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады. «Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», — делінген басқарма хабарламасында.
-->М.Әуезов көшесінде Дүкенұлы көшесінен Ә.Молдағұлова көшесіне дейінгі учаскеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Осыған байланысты 2-12 мамыр аралығында көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады. «Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», — делінген басқарма хабарламасында.