Елорда жаңалықтары

Алтай Көлгінов азаматтарды онлайн қабылдады

-->

Апта сайын азаматтарды тұрақты түрде қабылдап тұрамыз. Мұндай кездесулерді тұрақты өткізу тұрғындарымызбен өзара байланысты жақсартуға, олардың түйткілді проблемаларын шешуге, елордамызды дамытуға мүмкіндік береді. Мәселен, былтыр жеке қабылдауымда 1,5 мың азамат болды. Сол сияқты аудандарымыз бен елді мекендерімізді жүйелі түрде аралап, тұрғындармен кездесіп тұрамыз.

Осыған дейін айтқанымдай, қала тұрғындары қозғайтын негізге проблемалардың қатарында үй мәселесі бар. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әлеуметтік баспана көлемін ұлғайттық, тұрғын үй бағдарламаларына қатысатындар санатын кеңейттік, жастарға арналған арнайы тұрғын үй бағдарламасын іске қостық, тұрғын үй сертификатының мөлшерін арттырдық және т.б.

Тұрғындар сол сияқты жұмысқа орналасу, білім алу, медициналық көмек, елді мекендерді дамыту, апаттық және ескі үйлерді бұзу, инфрақұрылым секілді т.б. мәселелерді қозғайды. Азаматтарды қабылдау барысында түсетін сауалдар бойынша жұмыс істейміз, – деп жазды А.Көлгінов Instagram парақшасында.