Елордада "Жасыл ел" жасағының кезекті еңбек маусымы басталды
Бұған дейін жастар сыйақысы 35 394 теңгені құраса, биыл сыйақы мөлшерін 10 АЕК ұлғайту жоспарда (2НЛҚ + 10 АЕК = 35 394+29 170 = 64 564 теңге), яғни 64 мың теңгеге дейін өседі. Жобаға 14-29 жас аралығындағы жастар 3 санат бойынша жұмыс жасайды:
- Көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларынан шыққан 14-17 жас аралығындағы балалар;
- 17-22 жас аралығындағы ЖОО мен колледждер студенттері;
- 18-29 жас аралығындағы жұмыссыз азаматтар.
Карантинге байланысты жұмыс талаптары біраз өзгерді. Санитарлық нормалар мен қауіпсіздік сақтау мақсатында жастардың бір жерде шоғырланып жұмыс жасауына жол берілмейді, жастардың арақашықтықты сақтай отырып жұмыс істеуі, барлық жастардың бетперде мен қолғап киюі қадағаланатын болады.
--> "2017, 2018, 2019 жылдардағы квотаға сәйкес 975 адам жұмыспен қамтылған. Аталған жобаның жастар арасындағы сұранысы мен қызығушылықтары ескеріліп, 2020 жылдан бері алдағы 3 жылға квота 1 200 адамға дейін, ал жастарды арнайы экипировкамен қамту 600 данадан 1 200 данаға ұлғайтылды. Әсіресе, көпбалалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар мен жұмыссыз жастарды тартамыз (мысалы, былтыр 731 аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар жұмыспен қамтылды)", - деп атап өтілген «Астана жастары» КММ-де.Бұған дейін жастар сыйақысы 35 394 теңгені құраса, биыл сыйақы мөлшерін 10 АЕК ұлғайту жоспарда (2НЛҚ + 10 АЕК = 35 394+29 170 = 64 564 теңге), яғни 64 мың теңгеге дейін өседі. Жобаға 14-29 жас аралығындағы жастар 3 санат бойынша жұмыс жасайды: