Елорда жаңалықтары

Тоқаевтың медицинаны дамытуға баса мән берілетіні жайлы айтқаны қуантты – журналист

Журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Базарбек Түкібай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі мәлімдемесіне қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Президент мәлімдемесі - қайырлы істің бастамасы. Өйткені басты міндет – азаматтардың денсаулығын сақтап, өмірін қорғап қалу. Сондықтан мемлекетіміз қауіпті вирус елімізде кең жайылып кетпеуі үшін күрделі, бірақ дер кезінде аса қажет шешім қабылдады. Қазақстанның қолға алған бұл іс-қимылын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да, халықаралық сарапшылар да оң бағалап отыр. Президент өз мәлімдемесінде елімізде қатаң карантин шаралары енгізіліп, қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылғанын, мекемелер мен кәсіпорындардың басым бөлігі қашықтан жұмыс істеу режиміне көшкенін айта келе, қазіргідей күрделі кезде әрбір азамат мемлекеттің назарында болатынын және ешкімді қиындықта қалдырмайтынын жеткізді», - деді журналист. Базарбек Түкібайдың айтуынша, Мемлекет басшысы сонымен қатар шағын және орта бизнеске тиімді несие беру үшін қаражат бөлінгенін, жұмысшы санын және еңбекақы көлемін азайтпау мақсатында ірі компанияларға тиісті қолдау көрсетілетінін, қазір олардың тізімі жасалып жатқанын атап өтті. «Қол жеткізген нәтижемен шектелуге болмайды. Қалыптасқан ахуал әлі де күрделі. Үкімет пен құзырлы органдардың міндеті – қаржының тиімді жұмсалуын және осы үдерістің барынша ашық болуын қамтамасыз ету» деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сондай-ақ, еліміздегі қазіргі ахуалға байланысты және мемлекеттік комиссияның ұсыныстарын негізге ала отырып, төтенше жағдай режимін биылғы 11 мамырға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. «Елімізді пандемияның шеңгелінен құтқару – бәрімізге ортақ міндет. Мен үшін әр азаматтың өмірінен қымбат ештеңе жоқ» деді президент». Журналистің мәліметінше, мемлекеттік комиссияға елорда үлгісімен еліміздің барлық аймағында өз жұмысына кірісетін мекемелердің тізімін жасауды тапсырған президент бірінші кезекте өнеркәсіп кәсіпорындары, құрылыс, жол құрылысы, көлік компаниялары, банктер мен халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысқа шығуы керектігін айтты. Сонымен қатар барлық санитарлық талаптардың сақталуын ескертті. «Үкімет келесі айда да табысынан айырылған азаматтарға 42500 теңге көлемінде көмек беретін болды. Ол үшін қайтадан өтінім жіберудің қажеті жоқ, төлем бұрын ұсынылған құжат бойынша жүзеге асырылады. Бұл мұқтаж жандар үшін үлкен көмек. Президент мәлімдемесінде мемлекеттік комиссия әкімдіктермен бірлесіп, аулалар мен ойын алаңдарын ашу мәселесін ойластыру керектігін және саяжай иелерінің қатты алаңдап отырғанын да ұмытқан жоқ. «Қазір көктемнің дәл ортасы, жұртқа қолайлы кезең. Мемлекеттік комиссия бұл мәселені қарастырды, енді оны шешу жолын айтады» деді президент». Базарбек Түкібайдың сөзінше, президент сонымен қатар алдағы мамыр айындағы мерекелерді де үйде атап өтуге тура келетінін, Жеңіс күнінде Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің бірде-біреуі елеусіз қалмайтынын атап өтті. Ол «бәріне лайықты құрмет көрсетіледі. Әкімдер соғыс және тыл ардагерлеріне материалдық көмек береді» деді. «Қасым-Жомарт Тоқаевтың дағдарыстан кейін медицинаны дамытуға баса мән беріп, бұл салаға мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілетіні жайлы айтқаны көңілге қуаныш ұялатты. Себебі үкімет халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы жаңа кодекс жобасына осы саланы жетілдіретін нақты ұсыныстар енгізіп, парламент бұл кодексті сессияның соңына дейін қабылдайтын болды. Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ індетпен күрестің алдыңғы шебінде жүрген азаматтарға алғыс айтты. Олардың ішінде халықтың қауіпсіздігі үшін жанкештілік танытып жүрген дәрігерлер мен медицина қызметкерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері және әскери қызметшілер бар. Қауіп-қатерге қарамай мұқтаж жандарға көмек қолын созған волонтерлерге де ризашылық білдіріп, халыққа жедел және шынайы ақпарат таратып жүрген журналистер қауымына да алғыс айтты. Мұндай құрметтен дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыруға атсалысқан мемлекеттік аппараттың қызметкерлері де қалыс қалған жоқ», - дейді журналист. Базарбек Түкібайдың пікірінше, Мемлекет басшысы кезекті мәлімдемесі арқылы жұдырықтай жұмылсақ, кез келген қиындықты жеңетінімізді тағы бір мәрте еске салды және бұл дағдарыс бірлігі бекем, елін сүйетін отаншыл жұрт екенімізді көрсетті деді.

-->