Елорда жаңалықтары

Елордада экологиялық білім апталығы өтіп жатыр

Экоапта шеңберіндегі іс-шараларға 1-11-сынып оқушылары, педагогтар, оқушылардың ата-аналары қатысады. Олар үшін экологиялық тақырыпта онлайн-конкурстар ұйымдастырылды. 27 сәуір күні 1-2-сынып оқушылары арасында "Біздің үйдің жануарлары" үздік сурет байқауы өткізілді. 3-4-сынып оқушылары "Мен табиғатты аялаймын" атты әлеуметтік эко-плакаттар, "Өлкеміздің табиғатына қамқорлық", "Бұл әлем қандай керемет" атты фотоконкурс дайындады. 28 сәуірде 1-11-сынып оқушылары өңделген қалдық материалдарынан жасалған бұйымдар байқауына, "Сары түске лақтыр" акциясына қатысты. Бүгін волонтерлердің басшылығымен мектептерде "Менің қаламның болашағы" жобалар байқауы, "Eco-Qolday-еріктілік: нәтижелер, бастамалар, болашақ жоспарлар" қалалық семинары өтеді. Экологиялық апта ата-аналардың қатысуымен және жеңімпаздарды марапаттаумен, мектеп пен үйдің аумағын тазалаумен аяқталады. Айта кету керек, іс-шаралардың бәрі санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып өткізіледі.

-->