Елорда жаңалықтары

БИЛ түлектері ораза айында қайырымдылық акциясын өткізді

С.Сейфуллин көшесінде орналасқан БИЛ -дің ескі ғимараты Технологиялық колледжге берілген болатын. Ораза айында лицей түлектері өздері білім алған мектеп ғимаратына жөндеу жұмысын жүргізіп, ауланы жаңартып берді. Мектеп ауласындағы арнайы орында кітап оқуға, емтиханға дайындалуға, ғылыми жобаларды талқылауға болады. “Бұл ғимарат біз үшін өте ыстық, өз үйіміздей болған. Алты жыл бойы тек білім алып қана қоймай, бір отбасының баласындай, жақын бауырлар болып өстік. Бүгінде өзіміз де отбасылы ел азаматы атандық. Әйтсе де осы жерге келіп, ізбасарларымызбен танысып, жағдайын біліп тұруды, қажет болса көмек қолын созуды әдетке айналдырдық. Лицейіміз заманауи жабдықталған, елордамыздың сол жағалауында орналасқан жаңа ғимаратқа көшеді деген жаңалықты үлкен қуанышпен қабылдадық. Сондықтан өзіміздің балалық шағымыз өткен, үлкен өмірге жолдама берген мектебіміздің ғимаратында түлектер атынан естелік қалсын деп шештік», - дейді «Astana alumni» Лицей түлектері қауымдастығының президенті Ернар Бутебаев. Мектеп түлектері қайырымдылық акциясы болашақта да жалғасын табады деді.

-->