Елорда жаңалықтары

«Алау» мұз айдыны сарайы аумағында террорға қарсы оқу-жаттығулар өтеді

Іс-шараның мақсаты террорлық көріністерге шұғыл әрекет ету, терроризм актілерінің салдарын азайту және жою бойынша міндеттердің орындалуына штабтың күштері мен құралдарының практикалық дағдыларын тексеру болып табылады. Оқу-жаттығу түрлі күрделі элементтерден тұратын жауынгерлік қимылдарға барынша жақын. Шектеу шаралары, сонымен қатар «Алау» мұз айдыны сарайы ауданында автокөлік қозғалысы бойынша да қарастырылған. «Осыған байланысты азаматтарды өткізіліп жатқан оқу-жаттығу шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік органдардың жұмылдырылған қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз», деп көрсетті Террорға қарсы күрес жөніндегі елордалық жедел штаб.

-->