Елорда жаңалықтары

Елордада ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Елордалық Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратовтың айтуынша, ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы биыл бірінші болып өтті.

Отырысқа көпбалалы аналар да қатысты. Олар азаматтық сектордың белсенді қатысуымен көпбалалы отбасылардың проблемаларын шешуге мүмкіндік беретін ҮЕҰ құруға көмектескені үшін алғыстарын білдірді.

-->

Азаматтық қоғамның рөлі артып келеді, қазір бизнес пен әлеуметтік сектор арасындағы кедергі жойылып жатыр. Бұған нақты мысал ретінде әлеуметтік кәсіпкерлік ұғымының пайда болғанын айтуға болды. Қазақстанда коммерциялық емес ұйымдардың еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуына қосқан үлесінің әдіснамасы жасалып, әзірленді. Әдістеме қолымызда бар. Бәлкім енді біз елорда ретінде, осы салымды алғаш болып есептеуге тырысып қалармыз. Біз өз тарапымыздан тиісті үлесімізді қосамыз, жұмыс орындарын құрамыз, әлеуметтік инвестицияларды тартамыз және т.б. Бұл коммерциялық емес ұйымдардың үлесі екенін дәлелдеп, есептейік, - деп атап өтті «Камеда» қоғамдық қорының атқарушы директоры Махаббат Еспенова.

Елордалық Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратовтың айтуынша, ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы биыл бірінші болып өтті.

Биыл осындай кең форматта кеңестің алғашқы отырысы өтіп жатыр. Сондықтан бас қосып өзекті проблемаларды, ең бастысы, оларды шешу және ары қарайғы жолдарын талқыладық. Жағдай қарқынды өзгеруде, барлық қоғамдық-саяси өзгеріс тек аймақтық сипатта ғана емес, халықаралық форматта да ҮЕҰ қызметін қосымша трансформациялауға алып келеді. Өйткені, қазір ҮЕҰ – қоғам мен биліктің тығыз өзара іс-қимылын жүзеге асыратын жетекші орган, ал мемлекеттік органның міндеті – қажет тұсты реттеу, көмектесу және қосымша мүмкіндіктер беру, - деп түсіндірді Дәурен Бабамұратов.

Отырысқа көпбалалы аналар да қатысты. Олар азаматтық сектордың белсенді қатысуымен көпбалалы отбасылардың проблемаларын шешуге мүмкіндік беретін ҮЕҰ құруға көмектескені үшін алғыстарын білдірді.