Елордада жалпықалалық сенбілік өтті
Сенбілікке қалалық ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов, Нұр-Сұлтан бойынша "Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесінің қызметкерлері мен ҚХА өкілдері қатысты. «Бүгін елордада өтіп жатқан экологиялық сенбілікте ағаш отырғызып, қаламыздың тазалығына атсалысқаным үшін қуаныштымын. Оған Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің мүшелері қатысуда. Ағаш отырғызу мен оны күтіп баптау бізге үлкен ләззат сыйлайды. Бұл ботаникалық саябақта 1000-нан аса түрлі ағаштар отырғызылған. Саябақ ол — отбасы мүшелері,тұрғындар мен қонақтар демалуға келетін орын. Бүгінде қаламыз күннен-күнге көркеюде. Әсіресе Есіл өзені ерекше көрік береді. Біз күн өткен сайын жаңа құрылыс пен жаңа үйлерді көрудеміз. Ал бүгінгі сенбілікке келер болсақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері қаланы көгалдандыруға өз үлесімізді қосқымыз келді. Болашақта отырғызып жатқан көшеттер қаланың сәнін келтіреді деген үміттеміз. Сондай-ақ балаларымыз бен немерелерімізге мақтанышпен айтатындай күйде боларымыз анық. Бұндай игі істер халықты береке-бірлікке, достық пен жақсылыққа шақырады», — деді ҚР мәслихатының құрметті депутаты, ҚХА кеңесінің мүшесі Юсуф Келигов. «Қалалық сенбілікке барлық әріптестеріміз жұмылдырылды. Сонымен қатар кейбір қызметкерлеріміз отбасы мүшесімен келіп, сенбілікте белсенділік танытуда. Мен ойлаймын, бұл жерде тек қызметкерлер мен ұжымның жұмылдырылуы емес, жалпы қоғамның қалаға деген мейірімділігін таныту. Бұл қалалық сенбілік болғандықтан біз әлеуметтік желілерде қала тұрғындары, соның ішінде блогерлерді белсенді болуға шақырдық. Басты мақсатымыз — қаланың өркендеуіне өз үлесімізді қосу. Жалпы Нұр-Сұлтан қаласы жазық далада орналасқан. Сол кең даланы көгалдандырып, жасыл желектерге толтыру экологиянға оң әсерін тигізері сөзсіз», — деді Нұр-Сұлтан бойынша "Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесінің директоры Ақерке Ақтай. Сенбілік аясында ботаникалық саябақ аумағына 25-тен аса көшет отырғызылды.
-->Сенбілікке қалалық ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов, Нұр-Сұлтан бойынша "Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесінің қызметкерлері мен ҚХА өкілдері қатысты. «Бүгін елордада өтіп жатқан экологиялық сенбілікте ағаш отырғызып, қаламыздың тазалығына атсалысқаным үшін қуаныштымын. Оған Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің мүшелері қатысуда. Ағаш отырғызу мен оны күтіп баптау бізге үлкен ләззат сыйлайды. Бұл ботаникалық саябақта 1000-нан аса түрлі ағаштар отырғызылған. Саябақ ол — отбасы мүшелері,тұрғындар мен қонақтар демалуға келетін орын. Бүгінде қаламыз күннен-күнге көркеюде. Әсіресе Есіл өзені ерекше көрік береді. Біз күн өткен сайын жаңа құрылыс пен жаңа үйлерді көрудеміз. Ал бүгінгі сенбілікке келер болсақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері қаланы көгалдандыруға өз үлесімізді қосқымыз келді. Болашақта отырғызып жатқан көшеттер қаланың сәнін келтіреді деген үміттеміз. Сондай-ақ балаларымыз бен немерелерімізге мақтанышпен айтатындай күйде боларымыз анық. Бұндай игі істер халықты береке-бірлікке, достық пен жақсылыққа шақырады», — деді ҚР мәслихатының құрметті депутаты, ҚХА кеңесінің мүшесі Юсуф Келигов. «Қалалық сенбілікке барлық әріптестеріміз жұмылдырылды. Сонымен қатар кейбір қызметкерлеріміз отбасы мүшесімен келіп, сенбілікте белсенділік танытуда. Мен ойлаймын, бұл жерде тек қызметкерлер мен ұжымның жұмылдырылуы емес, жалпы қоғамның қалаға деген мейірімділігін таныту. Бұл қалалық сенбілік болғандықтан біз әлеуметтік желілерде қала тұрғындары, соның ішінде блогерлерді белсенді болуға шақырдық. Басты мақсатымыз — қаланың өркендеуіне өз үлесімізді қосу. Жалпы Нұр-Сұлтан қаласы жазық далада орналасқан. Сол кең даланы көгалдандырып, жасыл желектерге толтыру экологиянға оң әсерін тигізері сөзсіз», — деді Нұр-Сұлтан бойынша "Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесінің директоры Ақерке Ақтай. Сенбілік аясында ботаникалық саябақ аумағына 25-тен аса көшет отырғызылды.