Елорда жаңалықтары

Елордада «Қолөнер» аула клубы ашылды

«2020 жылдың соңында шеберхана мен аула клубын ашуды жоспарлаған болатынбыз. Қала әкімі Алтай Сейдірұлымен болған кездесуде қолөнершілер жеке шеберханамыздың жоқ екені туралы мәселе көтерді. Бүгін әкімдік, Жастар саясаты мәселелері басқармасы, "Астана жастары" КММ қолдауымен шеберханамызды, аула клубымызды ашып отырмыз. Мұнда 14-29 жас аралығындағы жастармен жұмыс істейміз. Мақсатымыз - мектеп оқушылары мен жұмыссыз жастарды ата-бабамыздан қалған кәсіпке үйрету. Қала бойынша 80 шеберіміз бар», - деді «Қолөнер» аула клубының директоры Рауза Балмағамбетова.

[caption id="attachment_76279" align="alignnone" width="1024"] фото Сұлтан Сейітов[/caption] «Қолөнер» - елордадағы жұмысын бастаған 27-аула клубы. Мұнда ағашты күйдіру, тігу, тоқу, қуыршақтар жасау, бейнелеу өнері, репродукцияларды оқыту, полиграфиямен және керамикамен жұмыс істеуге үйретеді. Сонымен қатар шығармашылық үйірмелер де бар. [caption id="attachment_76280" align="alignnone" width="1024"] фото Сұлтан Сейітов[/caption] «1986 жылдан бері жастарды қолөнерге бауып келемін. Соңғы 6 жылда елордада тұрып жатырмын. Бізде оқу тегін. Әзірге түрлі бағыттар бойынша жұмыс істейтін 6 шеберіміз бар»,  - деді Сержан Баширов. Жақын маңдағы үйлерде тұратын оқушылар үйірмелерге жазылуда. Солардың бірі №5 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Тәңірхан Бекқожа. «Бұл аула клубы үйіме жақын жерде орналасқан және мұндағы оқытушылар, шеберлер көңілімнен шықты. Сабағым таңертең болғандықтан түстен кейін үйірмеге келемін. Біліктеу, соғу мен зергерлік өнерді үйренгім келеді», - деді ол.

--> «2020 жылдың соңында шеберхана мен аула клубын ашуды жоспарлаған болатынбыз. Қала әкімі Алтай Сейдірұлымен болған кездесуде қолөнершілер жеке шеберханамыздың жоқ екені туралы мәселе көтерді. Бүгін әкімдік, Жастар саясаты мәселелері басқармасы, "Астана жастары" КММ қолдауымен шеберханамызды, аула клубымызды ашып отырмыз. Мұнда 14-29 жас аралығындағы жастармен жұмыс істейміз. Мақсатымыз - мектеп оқушылары мен жұмыссыз жастарды ата-бабамыздан қалған кәсіпке үйрету. Қала бойынша 80 шеберіміз бар», - деді «Қолөнер» аула клубының директоры Рауза Балмағамбетова.