Елорда жаңалықтары

Елордада қоқыс шығару тарифі кімдерге жеңілдетіледі

Жеңілдіктерді қолдану үшін Нұр-Сұлтан қаласы, А.Бараев көшесі, 23 мекенжайындағы «Clean City NC» ЖШС қоқыс шығарушы компаниясына жүгіну қажет. Анықтама телефоны: 8 707 613 33 33.

-->

Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы шешіміне сәйкес жеке тұлғалар үшін тариф есептеу кезінде тұрмыстық қатты қалдықтарды шығаруға жеңілдіктер қарастырылған:

100% – Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушыларға;

50% — Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдар, көпбалалы аналар, I топтағы мүгедектер;

25% – II топтағы мүгедектер мен жасына байланысты зейнеткерлер.

Есеп айырысулар тиісті өтініш берілген және растайтын құжаттар ұсынылған сәттен бастап жүргізіледі, – делінген хабарламада.

Жеңілдіктерді қолдану үшін Нұр-Сұлтан қаласы, А.Бараев көшесі, 23 мекенжайындағы «Clean City NC» ЖШС қоқыс шығарушы компаниясына жүгіну қажет. Анықтама телефоны: 8 707 613 33 33.