Елорда жаңалықтары

Төлебаев көшесіндегі учаскеде қозғалыс уақытша жабылды

Жол жөндеу жұмыстарына байланысты Төлебаев көшесіндегі Б.Момышұлы даңғылынан Қошқарбаев даңғылына дейінгі жол қозғалысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Елорда Инфо қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Қаланың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп, жол-құрылыс жұмыстарын бастады. Осыған байланысты осы жылдың 21 сәуірінен бастап Б.Момышұлы даңғылынан Қошқарбаев даңғылына дейінгі Төлебаев көшесіндегі қозғалыс жабылды. Жол төсемін орташа жөндеу жұмыстары осы жылдың 30 сәуіріне дейін жүргізіледі. «Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», - деп хабарлады басқарма.

-->