Елорда жаңалықтары

Космонавтар көшесіндегі учаске жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылды

Қаланың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп жол-құрылыс жұмыстарын бастады. Осыған байланысты осы жылдың 21 сәуірінен бастап Қабанбай батыр даңғылынан Сарайшық көшесіне дейінгі учаскедегі Космонавтар көшесінде қозғалыс жабылды. Жол төсемін орташа жөндеу жұмыстары осы жылдың 27 сәуіріне дейін жүргізіледі. «Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз», — делінген ведомство хабарламасында.

-->