Елорда жаңалықтары

Елордада «Жанұядан алғыс» мерекелік іс-шарасы өтті

Іс-шараға қатысқан Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов орталықтың атқарып жатқан жұмысының маңыздылығына тоқталып өтті.

Ал орталық директоры бүгінге дейін 140 мыңнан аса адам көмек сұрап жүгінгенін айтып өтті.

-->

Өмірдің тауқіметін көрген, жүрегі жаралы қаншама жанның проблемасын шешіп, халықпен тығыз қарым-қатынас жасау екінің бірінің қолынан келе бермейді. Сол себепті осы орталыққа келген әрбір жанға жылу беретін мекеменің қызметіне береке берсін деп тілегім келеді! - деді Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Назгүл Мағжанова.

Іс-шараға қатысқан Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов орталықтың атқарып жатқан жұмысының маңыздылығына тоқталып өтті.

«Жанұя» соңғы екі жылда ашық мемлекет қағидасы аясында халықпен тығыз байланыс орнатуда республикалық деңгейде бренд болған, үлгі болған орталық деп айтуға болады. Осы уақыт аралығында орталық ондаған мың адамды қабылдап үлгерді. Қаншама адамның проблемасы осында бірден шешіліп жатыр, ақыл-кеңес беріліп жатыр. Мұның бәрі – ұжымның керемет жұмысының нәтижесі, - деді Д.Бабамұратов.

Ал орталық директоры бүгінге дейін 140 мыңнан аса адам көмек сұрап жүгінгенін айтып өтті.

Осындай Алғыс айту күні мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлеріне алғыс айтқым келеді. «Жанұя» орталығы ашылғалы бері барлық меморгандар мемлекет саясатының жүзеге асуына еңбек етіп келеді. Орталығымыз негізінен көпбалалы, толық емес отбасылармен, сол сияқты мүмкіндігі шектеулі жандар бар отбасылармен тығыз жұмыс істейді. «Жанұя» ашылғалы бері 140 мыңнан аса адам жүгінді. Оның барысында 160 мыңға тарта проблема шешілді, - деді «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының директоры Әсемгүл Садыр.