Елордада жасөспірімдерге арналған жаңа аула клубы ашылды
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ Жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірлесіп ашқан жаңа аула клубы жетім балалар мен әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға арналған. «Бүгін айтулы мерекелік шара өтуде. «Динамо» дене шынықтыру спорт кешенінде жасөспірімдерге арналған жаңадан спорт секциялары ашылып жатыр. Оларды біліктілігі жоғары спорт шеберлері тегін жаттықтырады. Оның ішінде Қазақстан мен Азия чемпиондары бар. Алдағы таңда қазақ күресі спортын дамыту ойда бар. Біздің басты мақсатымыз – балаларды спортқа баулып, болашақта елге танымал спортшыларды дайындау», – деді «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамы төрағасының бірінші орынбасары Болат Рамазанұлы. Клубта бокс, қоян-қолтық ұрыс, таэквандо секілді спорт секциялары, сондай-ақ тренажер залы жұмыс істейтін болады. Оған 14 жастан 18 жасқа дейін балалар қатыса алады. «Қала басшысының тапсырмасына сәйкес аула клубтарының санын көбейтіп отырмыз. Аула клубтары тек қаланың орталығында ғана емес, шеткі аймақтарын да қамту керек. Бүгін 26-шы аула клубын аштық. Ал Сарыарқа ауданында 4-ші аула клубы ашылуда. Негізі басты бағыт – аз қамтылған отбасылардағы балаларды ақысыз түрде спортқа дайындап, уақыттарын тиімді пайдалануға септігімізді тигізу», – деді Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров. Қайрат Қамбаровтың айтуынша, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жыл соңына дейін 30 аула клубқа дейін жеткізу жоспарлануда.
-->Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ Жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірлесіп ашқан жаңа аула клубы жетім балалар мен әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға арналған. «Бүгін айтулы мерекелік шара өтуде. «Динамо» дене шынықтыру спорт кешенінде жасөспірімдерге арналған жаңадан спорт секциялары ашылып жатыр. Оларды біліктілігі жоғары спорт шеберлері тегін жаттықтырады. Оның ішінде Қазақстан мен Азия чемпиондары бар. Алдағы таңда қазақ күресі спортын дамыту ойда бар. Біздің басты мақсатымыз – балаларды спортқа баулып, болашақта елге танымал спортшыларды дайындау», – деді «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамы төрағасының бірінші орынбасары Болат Рамазанұлы. Клубта бокс, қоян-қолтық ұрыс, таэквандо секілді спорт секциялары, сондай-ақ тренажер залы жұмыс істейтін болады. Оған 14 жастан 18 жасқа дейін балалар қатыса алады. «Қала басшысының тапсырмасына сәйкес аула клубтарының санын көбейтіп отырмыз. Аула клубтары тек қаланың орталығында ғана емес, шеткі аймақтарын да қамту керек. Бүгін 26-шы аула клубын аштық. Ал Сарыарқа ауданында 4-ші аула клубы ашылуда. Негізі басты бағыт – аз қамтылған отбасылардағы балаларды ақысыз түрде спортқа дайындап, уақыттарын тиімді пайдалануға септігімізді тигізу», – деді Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров. Қайрат Қамбаровтың айтуынша, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жыл соңына дейін 30 аула клубқа дейін жеткізу жоспарлануда.