Елордада жұмыс берушілермен онлайн кездесу ұйымдастырылды
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының негізгі талаптарын, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарды, жетім балаларды, пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына белгіленген квотаны орындау мәселесі талқыланды. «Бүгінгі кездесуіміздің басты мақсаты – халықты нәтижелі жұмыспен қамту, қызметкерлердің табысы мен өмір сүру сапасын арттыру және еңбек ұжымдарындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуде біздің күш-жігерімізді біріктіру», деп атап өтті Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы С.Нұрғожина. Кездесуге 30-дан астам жұмыс беруші қатысты. Желілік жиында халықты жұмыспен қамту шаралары және еңбек заңнамасының талаптарын сақтау мәселелеріне баса назар аударылды. Алдағы уақытта жұмыс берушілермен кездесулер апта сайын ұйымдастырылады.
-->Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының негізгі талаптарын, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарды, жетім балаларды, пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына белгіленген квотаны орындау мәселесі талқыланды. «Бүгінгі кездесуіміздің басты мақсаты – халықты нәтижелі жұмыспен қамту, қызметкерлердің табысы мен өмір сүру сапасын арттыру және еңбек ұжымдарындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуде біздің күш-жігерімізді біріктіру», деп атап өтті Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы С.Нұрғожина. Кездесуге 30-дан астам жұмыс беруші қатысты. Желілік жиында халықты жұмыспен қамту шаралары және еңбек заңнамасының талаптарын сақтау мәселелеріне баса назар аударылды. Алдағы уақытта жұмыс берушілермен кездесулер апта сайын ұйымдастырылады.