Елорда жаңалықтары

«Астана Опера» театрында ұзақ үзілістен соң «Бақшасарай бұрқағы» спектаклі қайта көрсетіледі

Қоюшы балетмейстер, «Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі, Ресейдің Халық әртісі Алтынай Асылмұратова Ростислав Захаров хореографиясының түпнұсқасын қайта жаңғырту бойынша жұмыс жасауда, қоюшы дирижер Арман Оразғалиев оркестрдің мінсіз дыбысталуына жауап береді, сахнаның шығыс нақыштағы жабдықтарын қоюшы суретші – қазіргі заманның атақты сценографы Эцио Фриджерио мен костюмдер бойынша суретші – «Оскар» сыйлығының иегері Франка Скуарчапино жасады. «Бақшасарай бұрқағы» керемет спектаклін қатты сағындық. Оны көрермендер ғана емес, сондай-ақ барлық әртістер, орындаушылар жақсы көреді, себебі бұл – өзіне тән актерлік қабілеттерді паш ете алатын драмалық балет. Әсіресе, бұл тамаша әйелдер бейнесі – Мария мен Заремаға қатысты, менің ойымша, бұл партияда билеуді барлық балериналар армандайды, сонымен қатар мұнда қуатты да мықты ерлер партиялары – Вацлав пен Керей бар, - деді Алтынай Асылмұратова. Біздің міндетіміз – аталмыш спектакльді түпнұсқаға барынша жақындата түсу. Әрине, безендіру сол қалпында қалады. Алайда біз Р.Захаровтың бастапқы нұсқасындай болуы үшін хореография бойынша жұмыс жасаймыз. Мен бұл спектакльді «көріп өстім», алғаш рет ол  1934 жылы Киров театрының сахнасында қойылып, кейінгі жылдары да көрсетілді. Өз ұстаздарымның, атап айтсам, Ольга Моисееваның маған үйреткендерін әртістерге беруге тырысамын. Мен жолы болған адаммын, себебі осы өнердің бастауында тұрған тұлғалардан тәлім алған тамаша шеберлермен жұмыс істедім. Олардан алған бай мұраға асқан ыждаһаттылықпен қараймын. Келер ұрпақ осындай қазынаға ие болсын деген ниетпен мен де мұның барлығымен бөліскім келетіні сөзсіз. Спектакльдің өзі драмалық балет ретінде ойластырылған, яғни, бұл фуэте, қос кабриоль болмайтын драмалық театрдың керемет үлгісі, дегенмен оқиға желісі жарқын әрі ұғынықты болуы тиіс. Бұдан бөлек, мұндағы музыка керемет – осының бәрін мазмұнмен қанықтыру қажет, әйтпесе спектакль жансыз, қызықсыз болып шығады. Дұрыс бейнелер жасау өте маңызды, ол үшін түпдеректерді – А.С.Пушкиннің «Бақшасарай бұрқағы» поэмасына негізделген Николай Волковтың либреттосын, сонымен қатар осынау поэтикалық рухты сезіну үшін шығарманың өзін оқу керек. Бұл спектакль шығыс труппасына етене жақын, осы тақырып әртістердің орындауларына ыңғайлы, олар оқиға тарихын біледі, желісін жақсы түсінеді. Әлбетте, әртістерге дұрыс жан толғанысын көрсетуге бағыт-бағдар беретін, «итермелейтін» үйретушінің рөлі аса маңызды, себебі бұл қойылымда эмоциялар өте күшті болуы қажет. Жақсы көре білулері керек, өйткені өмірде ең бастысы – махаббат, бірақ бәрі де әртүрлі, сондықтан  бұл бейнелер де сан алуан. Біз орындаушылардың үш құрамын дайындаудамыз. Вацлав, Мария, Нұрәли мен Керейдің партияларында өнер көрсететін жаңа әртістер болады. Ең күрделісі – Керейдің партиясы, себебі онда қимыл аз, бірақ «көңіл-күй» көп, және бұл бейне мұндай құштарлықтың туындау себебі түсінікті болуы үшін соншалықты қуатты болуы керек. Бұл өте қиын, біз де жас әртістерді байқап көреміз, бәрі ойдағыдай болады деген үміттемін, - деп қорытындылады Алтынай Асылмұратова. Еске салар болсақ, спектакльдер Ashyq жобасы аясында өтеді. «Астана Опера» театры алғашқылардың бірі болып аталмыш бағдарламаға қатысуға өтінім беріп, рұқсат алды, сөйтіп, 23 сәуірден бастап театр есігі көрермен қауым үшін қайтадан ашық.

-->