«Ғарышқа жол»: Елордада ғарышкерлер жас сарбаздықтарға ерлік сабағын өткізді
Шара аясында «Ерлік сабағы: кітапқа жазылмаған тарих» атауымен «Жас Сарбаз» тәрбиеленушілерінің патриоттық рухын көтеріп, Отанға деген сүйіспеншілігі мен сезімін қалыптастыратын ерлік сабағы өткізілді. Ерлік сабағына тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш ғарышкері, еліміздің авиациясының генерал – лейтенанты, «Халық қаһарманы» Талғат Мұсабаев, қазақ ғарышкері, Әуе қорғаныс күштерінің генерал – майоры Айдын Айымбетов, авиация генерал-майоры Нұрлан Карбенов, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Жастар саясаты мәселелер басқарма басшысы Қайрат Қамбаров, «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасы Асхат Налшыбек қатысты. «Бүгінгі айтулы күні жас сарбаздықтармен кездесіп отырғаныма қуаныштымын. 12 сәуір бүкіл әлем болып атап өтілетін маңызды күн. Себебі бұл күні адамзат баласы ғарыш әлемін бағындыруға нық қадам жасады. Және ол сапары сәтті өтті. Ғарыштан өз туған жеріңді, Отаныңды көру ерекше патриоттық сезім сыйлайды. Ғарышқа ұшу бізге оңай соққан жоқ. Үлкен дайындықтан өттік. Алғаш ғарышқа ұшуымнан кейін, командир ретінде екі рет ғарышқа ұшыппын. Экипажымызда орыс та, америкалықтар да, француз да болды. Қарапайым қатардағы қазақ баласы сол кезде бірінші рет командир болдым. Жас ұрпақ тек қазақ ғарышкерлерін ғана емес, бүкіл қазақстандық ғарышкерлерді танып, солардың ерлігін қайталаса деймін» деді Талғат Мұсабаев. Кездесу барысында жас сарбаздықтар ғарышкерлерде көкейде жүрген сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты. Жиын соңында қазақ ғарышкерлері мерекеге орай Ұлттық әскери мұражайда «Ғарышқа жол» көрмесінің ашылу салтанатына қатысты. Көктем ҚАРҚЫН
-->Шара аясында «Ерлік сабағы: кітапқа жазылмаған тарих» атауымен «Жас Сарбаз» тәрбиеленушілерінің патриоттық рухын көтеріп, Отанға деген сүйіспеншілігі мен сезімін қалыптастыратын ерлік сабағы өткізілді. Ерлік сабағына тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш ғарышкері, еліміздің авиациясының генерал – лейтенанты, «Халық қаһарманы» Талғат Мұсабаев, қазақ ғарышкері, Әуе қорғаныс күштерінің генерал – майоры Айдын Айымбетов, авиация генерал-майоры Нұрлан Карбенов, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Жастар саясаты мәселелер басқарма басшысы Қайрат Қамбаров, «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасы Асхат Налшыбек қатысты. «Бүгінгі айтулы күні жас сарбаздықтармен кездесіп отырғаныма қуаныштымын. 12 сәуір бүкіл әлем болып атап өтілетін маңызды күн. Себебі бұл күні адамзат баласы ғарыш әлемін бағындыруға нық қадам жасады. Және ол сапары сәтті өтті. Ғарыштан өз туған жеріңді, Отаныңды көру ерекше патриоттық сезім сыйлайды. Ғарышқа ұшу бізге оңай соққан жоқ. Үлкен дайындықтан өттік. Алғаш ғарышқа ұшуымнан кейін, командир ретінде екі рет ғарышқа ұшыппын. Экипажымызда орыс та, америкалықтар да, француз да болды. Қарапайым қатардағы қазақ баласы сол кезде бірінші рет командир болдым. Жас ұрпақ тек қазақ ғарышкерлерін ғана емес, бүкіл қазақстандық ғарышкерлерді танып, солардың ерлігін қайталаса деймін» деді Талғат Мұсабаев. Кездесу барысында жас сарбаздықтар ғарышкерлерде көкейде жүрген сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты. Жиын соңында қазақ ғарышкерлері мерекеге орай Ұлттық әскери мұражайда «Ғарышқа жол» көрмесінің ашылу салтанатына қатысты. Көктем ҚАРҚЫН