ТЖД жауапты тұлғаларға шатырлардың қары мен сүңгі мұзын тазалауды ұсынды
Консультативтік гидрологиялық болжамға сәйкес сәуір айының алғашқы онкүндігінде елордада ауа температурасының -12 С-тан +8 С-қа дейін жылуы, температураның біртіндеп жоғарылауы күтіледі. Жауын-шашын жаңбыр мен дымқыл қар түрінде күтіледі, тұман мен найзағай болуы мүмкін. Департамент қызметкерлері тұрғындарға арнап үгіт-насихат және алдын алу жұмыстарын жүргізуде, бүгінгі күні 16 рейдтік іс-шара өткізілді, жалпы 2 000 адамды қамтумен 1 500-ден астам үйді аралау жүзеге асырылды, 900-ден астам ұсыным берілді. Механикаландырылған тазалау жұмыстарын жүргізу үшін жеке тұрғын үйлердің тұрғындарына үй аумағындағы қарды жол жиегіне шығару ұсынылады. Бұл іс-шаралар учаскелерді су басу мүмкіндігінен азайтуға мүмкіндік береді. «Құрметтті тұрғындар! Төтенше жағдайларға жол бермеу үшін Сіздерден негізгі қауіпсіздік ережелерін және нұсқауларын сақтауға шақырамыз», — делінген хабарламада.
--> «Құрметті тұрғын үй кешендеріне (ТКК) және әкімшілік ғимараттарға (Бизнес-орталықтар, СОО) қызмет көрсететін компаниялардың өкілдері, сондай-ақ жеке тұрғын үйлердің иелері! Ауа райының күрт өзгеруіне және қардың еруіне байланысты, сондай-ақ Төтенше жағдайлар мен жарақаттануға жол бермеу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Сіздерге тиесілі аумақта, учаскеде су тасқынына қарсы уақтылы іс-шаралар өткізуге шақырады. Тұрғын үй кешендері мен әкімшілік ғимараттардың өкілдеріне кіреберістің шатырлары мен шатыр үстін қар мен сүңгі мұздан тазалауды, сондай-ақ үй маңындағы және іргелес аумақтағы жаяу жүргіншілер мен тротуар жолдарды тазарту керектігін ескертеміз», - делінген департамент таратқан хабарламада.Консультативтік гидрологиялық болжамға сәйкес сәуір айының алғашқы онкүндігінде елордада ауа температурасының -12 С-тан +8 С-қа дейін жылуы, температураның біртіндеп жоғарылауы күтіледі. Жауын-шашын жаңбыр мен дымқыл қар түрінде күтіледі, тұман мен найзағай болуы мүмкін. Департамент қызметкерлері тұрғындарға арнап үгіт-насихат және алдын алу жұмыстарын жүргізуде, бүгінгі күні 16 рейдтік іс-шара өткізілді, жалпы 2 000 адамды қамтумен 1 500-ден астам үйді аралау жүзеге асырылды, 900-ден астам ұсыным берілді. Механикаландырылған тазалау жұмыстарын жүргізу үшін жеке тұрғын үйлердің тұрғындарына үй аумағындағы қарды жол жиегіне шығару ұсынылады. Бұл іс-шаралар учаскелерді су басу мүмкіндігінен азайтуға мүмкіндік береді. «Құрметтті тұрғындар! Төтенше жағдайларға жол бермеу үшін Сіздерден негізгі қауіпсіздік ережелерін және нұсқауларын сақтауға шақырамыз», — делінген хабарламада.