Елорда жаңалықтары

Туризм саласындағы кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шаралары жүзеге асырылады

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмұрзаев елорданың туризм саласын дамыту бойынша кәсіпкерлермен кездесуінде айтты.

Аталған шараға елорданың қонақ үй өкілдері, туроператорлар, туристік ассоциация өкілдері қатысып, туризм саласына қатысты өзекті сауалдарын қойды.

Оның сөзінше, мемлекеттік қолдау шаралары мынадай:

Бұдан бөлек, кездесу барысында туризм саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің шығыны, шетел азаматтары үшін туристік алым және Нұр-Сұлтан қаласында туризмді дамыту бойынша өзекті сұрақтар көтерілді.

-->

Туристік сала – әлем бойынша ең перспективалы салалардың бірі. Сондықтан біздің барлық күшіміз туристік сегментті жылжытып, белсенді дамытуға жұмсалады. Осы шара арқылы қатысушыларға өзекті сауалдарын қоюға және екіжақты келісім орнатуға барлық мүмкіндікті бергіміз келеді, – деді Е. Бекмұрзаев.

Оның сөзінше, мемлекеттік қолдау шаралары мынадай:

1) туристік қызмет объектілерін салу, қайта жаңарту кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу (объектілерді салуға және (немесе) қайта жаңартуға арналған шығындар құнының 10%);

2) кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы қызмет көрсету нысандарын салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу (жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша сараптама қорытындысында көрсетілген ӨҚҚ құрылысының құнынан);

3) кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау (субсидиялау сомасы ай сайын 83 300 (сексен үш мың үш жүз)теңге мөлшерінде);

4) туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне жүргізушінің орнын қоспағанда, сыйымдылығы сегізден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу жөніндегі шығындардың бір бөлігін өтеу (автокөлік құралдары құнының 25% - ын құрайды), – деді ол.

Бұдан бөлек, кездесу барысында туризм саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің шығыны, шетел азаматтары үшін туристік алым және Нұр-Сұлтан қаласында туризмді дамыту бойынша өзекті сұрақтар көтерілді.