Елорда жаңалықтары

Елордада бір түнде 28 мың текше метрге жуық қар шығарылды

Өткен түнде, яғни 14 ақпаннан 15-іне қараған түні қаладан 28 мың текше метрге жуық қар шығарылды. Коммуналдық қызметтер қар полигондарына 2 мыңнан астам рейс жасады.

Бүгінде қала бойынша қар күреу жұмысына мыңнан астам арнайы техника мен 1500-ден астам жол жұмысшы жұмылдырылды.

Бірінші кезекте ереже бойынша, жолдарда кептеліс болмауы үшін қозғалысы өте қарқынды учаскелер тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға жататын жолдар және т.б. қардан тазартылады.

Қыс мезгілі басталғалы елордадан 3,1 миллион текше метрден астам қар шығарылды, ол үшін қар полигондарына 234 мыңнан астам рейс жасалды.

Қаланың коммуналдық қызметтері кешкі және түнгі уақытта қарқынды түрде, сондай-ақ қар жинау маршрутын түзету арқылы күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда.

-->