Елорда жаңалықтары

Елордада 8 жасар бала жоғалып кетті

ҚазАқпараттың жазуынша, сағат 17.00 шамасында «102» арнасына елорда тұрғынынан баласы күндіз аулаға шығып, қайтып оралмағаны туралы хабарлама келіп түсті. Баланы іздеуге елордалық полицияның жеке құрамы бағытталған. Іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары жоғалған баланың баруы мүмкін жерледі зерттеп, өтіп бара жатқан адамдардан сұрады. Есіл ауданы ПБ полиция қызметкерлерінің қабылдаған шараларының нәтижесінде бала табылып, туған-туыстарына берілді.

Кәсіби шеберлігі мен өз қызметін жедел әрі адал атқарғаны үшін Есіл ауданының полиция қызметкерлеріне, атап айтқанда ЖҚБ аға жедел уәкілі Қуаныш Қарабалин мен Серік Байшараевқа үлкен ризашылығымды білдіргім келеді, - дейді кәмелетке толмаған баланы анасы Райхан Рахатқызы.

Полиция қызметкерлері ата-аналарға баласының жүрген жерін бақылау керек екенін ескертеді. 

-->