«Астана Опера» театрында итальяндық стильдегі кеш өтеді
«Пуччини-гала» бағдарламасының көркін театрда алғаш рет орындалатын туындылар қыздыра түспек. Осылайша, тыңдармандар ұлы итальяндық композитор Дж.Пуччинидің шығармалары – «Виллисалар» операсынан «Мыстандар биі» мен L’abbandono, «Қарлығаш» операсынан «Дореттаның керемет арманы» дуэті мен Бриндизи көрінісі (квартет), «Анжелика әпке» операсындағы ариямен таныса алады. Бұдан бөлек, әртістер Дж.Пуччинидің баршаға танымал әрі сүйікті шығармалары – «Манон Леско» операсынан Лесконың Donna non vidi mai ариясы, «Мадам Баттерфляй» операсынан ария, «Джанни Скикки» операсынан Скиккидің ариясы және т.б. ұсынады. «Музыкалық кешке «Астана Опера» хоры қатысады, театрдың бас хормейстері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов. Дж.Пуччини музыкасының көрнекті білгірі – танымал итальяндық дирижер, концерттің бастамашысы Джузеппе Акуавива жұртшылыққа арнап көптеген тосынсый даярлады», делінген «Астана-Опера» театрының хабарламасында. «Астана Опера» әртістерімен көптен бері жұмыс істеймін, олармен бірлесе музыкалық қызметті жүзеге асыру маған зор қуаныш сыйлайды. Пуччини – автор, оның шығармашылығын ұзақ әрі мұқият зерделедім. Біріншіден, Италияда «Пуччини фестивалімен» 10 жыл ынтымақтас болдым. Екіншіден, оның шығармашылығына жеке зерттеу жүргіздім. Ол шығармалары дүние жүзінде анағұрлым көп ұсынылған композиторлардың бірі болып табылады. Оның туындыларын кез келген сахнада орындау мен үшін оңай, себебі олар бәрінің көңілінен шығады. Оның таңғажайып бірегей қасиеті бар – ол барлығы үшін жаза білді. Пуччини адамдарға әсерлі оқиға желілерін ұсынды, бірақ бұдан бөлек оның операсы – әртістерге арналған үлкен драматургия мен театр сабағы. «Оркестрлік музыкаға келер болсақ, әлбетте ол ұрпақтан ұрпаққа ауысып, фильмдерде барынша жиі қолданылады. Сондықтан ол – барлық әлемдік репертуардың өзегі. Ол – XIX-XX ғасырлар шегінде жазған автор. Сол кездің өзінде оның шығармаларынан келешектің жаңа тілі аңғарылады. Ол данышпан еді, себебі ол италиялық дәстүрді қарапайым адам өміріне жақынырақ болған әрі либреттоның мәтінімен қабыспай келген жаңа драматургия тілімен сабақтастыра алды. Пуччини – өз заманының кемеңгері, ғасырға жуық уақыт өтсе де, солай болып қала бермек», - деді маэстро Джузеппе Акуавива. Джакомо Пуччинидің барлық шығармашылығы итальяндық опера өнерінің жоғарғы жетістігі болып саналады. Оның опералары әуен байлығымен, оркестрлік бояулар мен акустикалық әсерлердің ойынымен таңғалдырады, ең бастысы – Пуччини туындыларының музыкалық тілі стильдің бұқарашылдығымен, айқындылығымен ерекшеленеді. Бұған «Пуччини-гала» концертіне келген тыңдармандар көз жеткізе алады.
-->«Пуччини-гала» бағдарламасының көркін театрда алғаш рет орындалатын туындылар қыздыра түспек. Осылайша, тыңдармандар ұлы итальяндық композитор Дж.Пуччинидің шығармалары – «Виллисалар» операсынан «Мыстандар биі» мен L’abbandono, «Қарлығаш» операсынан «Дореттаның керемет арманы» дуэті мен Бриндизи көрінісі (квартет), «Анжелика әпке» операсындағы ариямен таныса алады. Бұдан бөлек, әртістер Дж.Пуччинидің баршаға танымал әрі сүйікті шығармалары – «Манон Леско» операсынан Лесконың Donna non vidi mai ариясы, «Мадам Баттерфляй» операсынан ария, «Джанни Скикки» операсынан Скиккидің ариясы және т.б. ұсынады. «Музыкалық кешке «Астана Опера» хоры қатысады, театрдың бас хормейстері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов. Дж.Пуччини музыкасының көрнекті білгірі – танымал итальяндық дирижер, концерттің бастамашысы Джузеппе Акуавива жұртшылыққа арнап көптеген тосынсый даярлады», делінген «Астана-Опера» театрының хабарламасында. «Астана Опера» әртістерімен көптен бері жұмыс істеймін, олармен бірлесе музыкалық қызметті жүзеге асыру маған зор қуаныш сыйлайды. Пуччини – автор, оның шығармашылығын ұзақ әрі мұқият зерделедім. Біріншіден, Италияда «Пуччини фестивалімен» 10 жыл ынтымақтас болдым. Екіншіден, оның шығармашылығына жеке зерттеу жүргіздім. Ол шығармалары дүние жүзінде анағұрлым көп ұсынылған композиторлардың бірі болып табылады. Оның туындыларын кез келген сахнада орындау мен үшін оңай, себебі олар бәрінің көңілінен шығады. Оның таңғажайып бірегей қасиеті бар – ол барлығы үшін жаза білді. Пуччини адамдарға әсерлі оқиға желілерін ұсынды, бірақ бұдан бөлек оның операсы – әртістерге арналған үлкен драматургия мен театр сабағы. «Оркестрлік музыкаға келер болсақ, әлбетте ол ұрпақтан ұрпаққа ауысып, фильмдерде барынша жиі қолданылады. Сондықтан ол – барлық әлемдік репертуардың өзегі. Ол – XIX-XX ғасырлар шегінде жазған автор. Сол кездің өзінде оның шығармаларынан келешектің жаңа тілі аңғарылады. Ол данышпан еді, себебі ол италиялық дәстүрді қарапайым адам өміріне жақынырақ болған әрі либреттоның мәтінімен қабыспай келген жаңа драматургия тілімен сабақтастыра алды. Пуччини – өз заманының кемеңгері, ғасырға жуық уақыт өтсе де, солай болып қала бермек», - деді маэстро Джузеппе Акуавива. Джакомо Пуччинидің барлық шығармашылығы итальяндық опера өнерінің жоғарғы жетістігі болып саналады. Оның опералары әуен байлығымен, оркестрлік бояулар мен акустикалық әсерлердің ойынымен таңғалдырады, ең бастысы – Пуччини туындыларының музыкалық тілі стильдің бұқарашылдығымен, айқындылығымен ерекшеленеді. Бұған «Пуччини-гала» концертіне келген тыңдармандар көз жеткізе алады.