Елорда жаңалықтары

Тимур Мұратов: Бірінші компонент бойынша 10 861 адам вакцинациядан өтті

«Халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау жалғасуда. Бүгінде бірінші компонент бойынша 10 861 адам вакцинациядан өтті, екінші компонент 3 024 адамға салынды. Оның ішінде медициналық қызметкер 4 836, мұғалімдер – 1 945, созылмалы аурулары бар адамдар – 1 071, құқыққорғау органдарының қызметкерлері – 1 207, басқа топтағылар – 1 802», - деді басқарма басшысы.

Оның айтуынша, екпе алғаннан кейін денсаулықтың қатты асқыну жағдайлары болған жоқ. «36 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында бірінші және екінші компоненттерге арналған 2 вакцинация бөлмелері, вакцинациядан кейін пациенттерді бақылауға арналған күту бөлмелері тұрақты режимде жұмыс істейді. Барлық емханаларда тоңазытқыш қондырғылары, вакциналарды қоймадан екпе салу мекеніне тасымалдауға арналған термиялық контейнерлер бар. Вакциналар барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай сақталады», - деді Тимір Мұратов. 

--> «Халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау жалғасуда. Бүгінде бірінші компонент бойынша 10 861 адам вакцинациядан өтті, екінші компонент 3 024 адамға салынды. Оның ішінде медициналық қызметкер 4 836, мұғалімдер – 1 945, созылмалы аурулары бар адамдар – 1 071, құқыққорғау органдарының қызметкерлері – 1 207, басқа топтағылар – 1 802», - деді басқарма басшысы.