Биыл елорда мектептеріндегі орындар саны 40 мыңға көбейеді
[caption id="attachment_71689" align="alignnone" width="1080"] Фото: Александр Куприенко[/caption] Мектептер қажеттілік бар, халық тығыз орналасқан аудандарда салынады. Бұл үш ауысымды оқыту, тығыздалған режимі бар мектептер санын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді. Мектеп құрылысына да жеке инвестиция тартамыз. Инвестициялық кеңестерде 30-дан астам жекеменшік мектеп құрылысы қолданды. "Құрылыс сапасы, абаттандыру, мектептерге кірме жолдарды қамтамасыз етумен қатар, мектептердің материалдық-техникалық жабдықталуына, білікті кадрлар даярлауға ерекше назар аударуды тапсырдым. Біздің тарапымыздан жасалатын жағдайлар балаларға сапалы білім беруге көмектеседі", - дейді елорда әкімі.
--> "Қарқынды дамып келе жатқан қалада әлеуметтік нысандарды белсенді түрде салу қажет. Оның ішінде оқу орындары да бар. Елордамыздың барлық аудандарында мектеп салу бойынша нақты жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Бірқатар оқу орындарының құрылыс барысымен таныстым. Мысалы, жаңа вокзал салынып жатқан ауданға (Алматы ауданы) мектеп қажет болатын – онда МЖӘ шеңберінде үлкен орта білім беру ғимаратын салып жатырмыз. Екі ауысымда 4 мыңға жуық оқушы оқиды. Сондай-ақ, Есіл ауданында (Бұқар жырау көшесі және №38, Nova City ауданы) мектеп құрылысының барысымен таныстым. Онда да екі ауысымда 4 мың оқушы оқиды. Мектептерді қаланың басқа аудандарында да салып жатырмыз. Биыл 16 мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Бұл тек осы жылдың өзінде 40 мыңнан астам оқушыларды оқумен қамтуға мүмкіндік береді. Өткен жылмен салыстырғанда оқушы орындарының саны 2 есе, ал 2019 жылмен салыстырғанда 4 есе артты", - деп жазды А.Көлгінов.[caption id="attachment_71689" align="alignnone" width="1080"] Фото: Александр Куприенко[/caption] Мектептер қажеттілік бар, халық тығыз орналасқан аудандарда салынады. Бұл үш ауысымды оқыту, тығыздалған режимі бар мектептер санын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді. Мектеп құрылысына да жеке инвестиция тартамыз. Инвестициялық кеңестерде 30-дан астам жекеменшік мектеп құрылысы қолданды. "Құрылыс сапасы, абаттандыру, мектептерге кірме жолдарды қамтамасыз етумен қатар, мектептердің материалдық-техникалық жабдықталуына, білікті кадрлар даярлауға ерекше назар аударуды тапсырдым. Біздің тарапымыздан жасалатын жағдайлар балаларға сапалы білім беруге көмектеседі", - дейді елорда әкімі.