Елорда жаңалықтары

Елордадағы қоғамдық көліктердің балаларға тегін қызмет көрсеткеніне бір жыл болды

Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша барлық кәмелетке толмағандар үшін жеңілдетілген жол жүру ақысы 2020 жылдың наурыз айында іске қосылған болатын. Осылайша, тегін жол жүру енгізілген сәттен бастап балалар 7 млн 600 мыңға жуық сапар жасаған. «Тура бір жыл бұрын Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша барлық кәмелетке толмаған балаларға олардың мәртебесіне қарамастан тегін жол жүру енгізілген болатын. Бұл шешім қала маңында тұратын балаларға да қатысты. Бұл шара карантинге дейін енгізілген болатын. Жол жүру үшін мектеп көлік картасының болуы, оны автобуста валидациялау міндетті шарт болып саналады. Бұл жолаушылар ағынын қадағалауға және басым бағыттарды анықтауға мүмкіндік береді. Жеті жасқа дейінгі балаларға көлік картасы қажет емес», - деді «City Transportation Systems» ЖШС Басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов. Бір жыл ішінде балалар үшін 40 мыңға жуық мектеп көлік картасы шығарылды, оның 7 мыңнан астамы биылғы жылдың еншісінде. Қазіргі уақытта тегін жол жүруді ҰОС қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар, зейнеткерлер, сондай-ақ зейнеткерлік жасқа толған жасына байланысты және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар, көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар, мүгедектер, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар, олардың ата-анасының (заңды өкілдерінің) бірі пайдаланады. Айта кетсек, мектеп көлік картасын рәсімдеуге өтінімді Р.Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайындағы орталық касса арқылы алуға немесе transcard.kz онлайн сайты арқылы үйге тапсырыс беруге болады. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңға сәйкес әрбір өңір мен жергілікті атқарушы орган өз бюджетін дербес қалыптастырады және жеңілдіктерді айқындайды. Сондықтан City Transportation Systems (CTS) маршруттарымен тегін жол жүру елордада және оның қала маңындағы аудандарда тұратын, оқитын 18 жасқа дейінгі балаларға ғана беріледі.

-->