Биыл 100-ден аса елордалық тұрғын OLX.kz сайтында алаяқтарға алданған
Алаяқтар әдетте мынадай механизммен жұмыс істейді: Тауарды сату туралы хабарландыруды орналастырғаннан кейін алаяқтар сізге хабарласып, сатып алушының рөлін сомдайды. Әңгіме барысында алаяқ өзінің басқа қалада екенін түсіндіріп, жеткізу қызметін пайдалануды ұсынады. Яғни, тауарды алып кетуге курьер жіберетінін және ол келерден бұрын сіздің картаңызға тауардың ақшасын аударатынын айтады. Ақша аудару үшін алаяқ сізге сілтеме жібереді. Бір қарағанда сілтеме ешқандай күдік тудырмайды, бірақ оған өткен кезде пайдаланушыны фишингтік сайтқа жібереді. Бұл сайтта банк картасының нөмірі, оның CVV-коды және ЖСН жазылуы керек сауалнаманы толтырып, өтініміңізді жіберуіңіз шарт. Бұл өтінімді толтырып жіберген соң, сіз көрсеткен барлық дерек фишингтік сайт арқылы әлгі алаяқтың қолына түседі. Бұдан әрі олар интернет-банкингтің есептік жазбасына кіріп, сіздің шотыңыздағы ақшаны ұрлайды. Жыл басынан бері елорданың 100-ден астам тұрғыны осындай алаяқтардың құрбаны болған. Оларға келтірілген шығын сомасы шамамен 2 млн теңгені құраған. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті қала тұрғындарынан банк карталарының деректері мен өздерінің жеке деректерін бермеуді сұрайды.
-->Алаяқтар әдетте мынадай механизммен жұмыс істейді: Тауарды сату туралы хабарландыруды орналастырғаннан кейін алаяқтар сізге хабарласып, сатып алушының рөлін сомдайды. Әңгіме барысында алаяқ өзінің басқа қалада екенін түсіндіріп, жеткізу қызметін пайдалануды ұсынады. Яғни, тауарды алып кетуге курьер жіберетінін және ол келерден бұрын сіздің картаңызға тауардың ақшасын аударатынын айтады. Ақша аудару үшін алаяқ сізге сілтеме жібереді. Бір қарағанда сілтеме ешқандай күдік тудырмайды, бірақ оған өткен кезде пайдаланушыны фишингтік сайтқа жібереді. Бұл сайтта банк картасының нөмірі, оның CVV-коды және ЖСН жазылуы керек сауалнаманы толтырып, өтініміңізді жіберуіңіз шарт. Бұл өтінімді толтырып жіберген соң, сіз көрсеткен барлық дерек фишингтік сайт арқылы әлгі алаяқтың қолына түседі. Бұдан әрі олар интернет-банкингтің есептік жазбасына кіріп, сіздің шотыңыздағы ақшаны ұрлайды. Жыл басынан бері елорданың 100-ден астам тұрғыны осындай алаяқтардың құрбаны болған. Оларға келтірілген шығын сомасы шамамен 2 млн теңгені құраған. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті қала тұрғындарынан банк карталарының деректері мен өздерінің жеке деректерін бермеуді сұрайды.