Елордадағы жаңа госпиталь құрылысына неге 5,5 млрд теңге жұмсалғаны айтылды
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен «қалада жаңадан салынған жұқпалы аурулар орталығының құрылысы неге қымбатқа түсті?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Нысан құрылысына 5,5 млрд теңге бөлінді. Орталық заманауи техникамен, құрылғылармен жабдықталған. Барлығы халықаралық нормаларға, талаптарға сай келеді. Қазіргі уақытқа және болашаққа жұқпалы аурулар орталығы керек. Себебі біздің қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасы ескі. 1986 жылдан бастап ол жерде ешқандай жұмыс жасалмады. Сондықтан қымбатқа түсті дегеннен бұрын, меніңше бұл бүгінгі күнгі және біздің мемлекет үшін өте дұрыс шешім. Бұл орталық біздің дәрігерлерге санитарлық нормаларды барынша сақтауға мүмкіндік береді», - деді Бақтияр Мәкен Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте. Бұған қоса, оның айтуынша, 200 жуық пациентке арналған нысан екі аптада салынып бітті.
-->Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен «қалада жаңадан салынған жұқпалы аурулар орталығының құрылысы неге қымбатқа түсті?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Нысан құрылысына 5,5 млрд теңге бөлінді. Орталық заманауи техникамен, құрылғылармен жабдықталған. Барлығы халықаралық нормаларға, талаптарға сай келеді. Қазіргі уақытқа және болашаққа жұқпалы аурулар орталығы керек. Себебі біздің қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасы ескі. 1986 жылдан бастап ол жерде ешқандай жұмыс жасалмады. Сондықтан қымбатқа түсті дегеннен бұрын, меніңше бұл бүгінгі күнгі және біздің мемлекет үшін өте дұрыс шешім. Бұл орталық біздің дәрігерлерге санитарлық нормаларды барынша сақтауға мүмкіндік береді», - деді Бақтияр Мәкен Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте. Бұған қоса, оның айтуынша, 200 жуық пациентке арналған нысан екі аптада салынып бітті.