Елорда жаңалықтары

Нұр-Сұлтанда өткен тәулікте 100 мың текше метрден астам қар шығарылды

Бір күн бұрын елордада жауған қар мөлшері айлық нормадан асып кетті. Нұр-Сұлтан қаласында қар күреу жұмыстарын жүргізу кешкі және түнгі уақытта, екі ауысымда қарқынды жүргізіледі. 24 наурыздан 25-іне қараған түні қаладан 54 мың текше метрден астам, тәулігіне 111 мың текше метрден аса қар шығарылды. Қарды күреуге 1 200-ден астам арнайы техника мен 200-ден астам жол жұмысшысы шықты. Бүгін Нұр-Сұлтанда қар күреу жұмыстарына 2 000-ға жуық жол жұмысшысы мен 1 500-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды. Бірінші кезекте, ереже бойынша, жолдарда кептеліс болмауы үшін қозғалысы өте қарқынды учаскелер тазартылады. Одан әрі орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар және т.б. аумақтардың қары күреледі. Жиналған қар елордадағы 11 полигонға шығарылады. Полигондарда бақылау үшін фото және бейнекамералар орнатылған. Қысқы кезеңнің басынан бері қаладан 4 600 000 текше метрден астам қар шығарылды.

-->