Елорда жаңалықтары

Елордалық жас кәсіпкер әр жұма сайын аз қамтылған отбасыларға ас таратады

Шағын дәмхана бизнесімен айналысып жүрген Самат біраз уақыттан бері  күнкөріс деңгейі төмен көпбалалы отбасылар мен жалғыз басты аналарға қол ұшын созып жүр. Әр жұма сайын мал сойып, қуырдақ, палау сияқты ыстық тағам түрлерін әзірлеп, оны өзі жеткізіп береді. Мұндай қайырымдылық іспен айналысудағы себебін ол «сауапты іске қосқан үлесім» деп түсіндірді. Мұқтаж жандарға қолынан келген көмегін көрсетіп жүрген Самат мұнымен тоқтамайтынын, әлі де әр жұма күні осы қайырымдылық ісін дәстүрге айналдыратынын айтады. Бұған дейін ол 9 рет ас таратыпты. Ертең – оныншы жұма. «Адам баласынан мейірім қашса, жер бетінен жақсылық қашады» демекші, қайырымдылық іспен айналысып, жұрттың тек алғысын алып жүрген Саматқа кәсібі алға баса берсін деп тіледік.

-->