Елордадағы 2 мың отбасыға азық-түлік себеттері таратылды
20-25 келі көлеміндегі азық-түлік себеттерінде макарон, ұн, жеміс-жидектер мен наурыз көжеге қажетті барлық өнімдер бар. Аталған сый-сияпат жалғызбасты зейнеткерлерге, ерекше қажеттілігі бар азаматтарға, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға таратылды.
[caption id="attachment_70675" align="alignnone" width="1024"] Фото: Сұлтан Сейітов/Elorda Aqparat[/caption]
«Жыл басынан бері «30 игі іс» шарасы аясында қайырымдылық жұмыстары жалғасын тауып келеді. Бүгін қаланың 4 ауданы бойынша көмекке мұқтаж жандарға азық-түлік себеттері таратылды. Індеттен аман-есен шығайық, болашақта мерекелерді республикалық деңгейде атап өтетін күнге де жетеміз. Қайырымдылық шарасы жалғасын табады. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!» - деді қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен.
Жасы тоқсанға таяған Нина Шкуропатова біраз жылдан бері жөндеу көрмеген жер үйде жалғыз тұрады екен. Кейуананың бұл шаңырағынан ешқайда көшкісі де келмейтін көрінеді. Зейнеткерлікке дейін есепші болып қызмет атқарыпты. Бүгінде жанында жанашыры болмаған соң, волонтерларға арқа сүйейтінін айтады. Еріктілер әжейдің ауласын үйілген қар мен қоқыстан тазартып, көмек көрсетеді.
[caption id="attachment_70676" align="alignnone" width="1024"]
Фото: Сұлтан Сейітов/Elorda Aqparat[/caption]
«Жақында 90 жасқа толамын. Жалғызбын, екі аптада бір рет волонтерлар үйіме келіп, қолдарынан келгенше көмектеседі. Балаларымның бәрі өз алдына үй болған. Бәрінің жоғары білімі бар, жағдайлары жақсы. Олар бақытты болса, мен бақыттымын. Бүгінгі сый үшін рақмет. Осылай өздеріңізбен әңгімелесудің өзі біраз күнге жетерлік қуаныш сыйлады», - деді кейуана.
Бұл үйден кейін жұмыс тобы жалғызбасты зейнеткер Нина Шемельеваның үйіне барды. Оның балалары отбасыларымен Мәскеуде тұрады екен. Олар мұнда жиі келмесе де, анда-санда азық-түлік жіберіп, кейде ақшалай көмек көрсететін көрінеді. Нина әжей ұйымдастырушылар мен журналистер тобын ыстық бауырсақпен қарсы алды.
«Жасым 78-де. Наурыз мерекесін жыл сайын тойлаймын. Бірақ бүгінгі күн естен кетпестей болды. Мәселе азық-түлікте емес, көңілде. Мерекеде елеп-ескеріп келгендеріңізге алғысым шексіз. Үйіме қонаққа келетін жақындарым болмаса да, көршілерім бар. Бүгін олар үшін бауырсақ пісірдім. Кешке тәтті-дәмділерді дастарханға қойып, шай ішеміз. Барша қазақстандықтарды бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Халқымызға денсаулық пен береке-бірлік тілеймін», - деді Нина Шемельева.
[caption id="attachment_70677" align="alignnone" width="1024"]

«Ұлыстың ұлы күні жаңашылдықтың бастауы саналады. Елдегі, қаладағы карантиндік шектеулерге байланысты мерекеде қайырымдылықпен айналысуды мақсат еттік. Игі іске қалалық мәслихат депутаттары, «Nur Otan» партиясының мүшелері, HalykBank өкілдері мен меценаттар мұрындық болды. Бұл шараны ұйымдастыруға бюджеттің қаржысы жұмсалған жоқ. Шаһарымыздың 1 миллион 200 мыңға жуық тұрғыны бар. Оның барлығын қамту мүмкін емес, сондықтан 2 000 мұқтаж отбасыға көмектестік. Енді басқа да меценаттар, белсенді азаматтар осы істі әрі қарай жалғастырса деген ойдаймыз», - деді «Nur Otan» партиясының Нұр-Сұлтан филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дәулет Кәрібек.
Наима НҰРАЛЫҚЫЗЫ