Елорда жаңалықтары

«Қазақ» оркестрінің «Армысың, әз-Наурыз!» атты мерекелік концерті өтті

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, профессор «Қазақ» оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры Айтқали Жайымов үздік шығармаларды орындады. Сонымен қатар «Қазақ» оркестрімен бірге Бибігүл Тыныштық, Өзгеріс Шерікбай, Мұхит Салыбеков, «Шалқыма» халық би ансамблі мен «Туған жер» музыкалық студиясының балалар хоры өнер көрсетті. «Бұл концерттік бағдарлама Наурыз мерекесіне орай арнайы ұйымдастырылып отыр. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын! Елімізге бақыт әкелсін, тыныштық болсын. Әр жылымыз жақсылыққа толы болып, өркендеп өсе берейік», - деді «Қазақ» оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры Айтқали Жайымов. 

-->