Елорда жаңалықтары

Елордалық оқушылар білім ордаларын көгалдандыру үшін 70 тонна шикізат жинады

Естеріңізге салсақ, қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауды дамытуға бағытталған игі бастама 2020 жылдың қыркүйек айында басталған болатын. ӨКМ Операторы жеті ай ішінде қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау тақырыбында оқу орындары үшін 4 500-ден аса экологиялық сабақ ұйымдастырып, оған 300 мыңға жуық бала қатысты. Менторлар 4 123 еріктіні экологиялық мәдениет негіздеріне, қатты тұрмыстық қалдықтарды дұрыс сұрыптауға және оның қоршаған ортаға тигізетін пайдасын оқытуды жүргізді. [caption id="attachment_70416" align="alignnone" width="696"] Фото "ӨКМ Операторы" ЖШС баспасөз қызметінен[/caption] «ЭкоАсар – игі істер марафоны» үш кезең бойынша өтті. Алғашқы кезеңде мектептер мен балабақшалар аз қамтылған отбасылардың балалары мен үйсіз жануарларды қолдау мақсатында қайырымдылық бағытта қайталама шикізат (маулатура, пластик) жинауды жариялаған. Шараға белсенді қатысудың арқасында 80 білім беру мекемесі 40 тоннаға жуық макулатура мен пластик жинаған. Одан түскен 1 млн 33 мың теңге қаражатқа әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың  балаларына 12 ноутбук сатып әперіліпті. Сонымен қатар қараусыз қалған ит-мысықтарға қажетті 1 тоннадан аса  жем сатып алынған. «ЭкоАсардың» екінші кезеңінде «Оқитын ұлт – оқитын мектеп» республикалық жобасын дамытуға ден қойылған.  Қараша-желтоқсан айларындағы шарада балалар 13 333 кг қайталама шикізат жинаған. Одан түскен барлық қаражатқа 362 көркем әдебиет сатып алынған. Оның 209-і қазақ тілінде болса, 153-і орыс тілінде екен. Әдебиеттер мектеп кітапханаларына табысталды. [caption id="attachment_70418" align="alignnone" width="960"] Фото "ӨКМ Операторы" ЖШС баспасөз қызметінен[/caption] Сонымен қатар жас оқырмандар үшін ең алғашқы экологиялық тақырыптағы «Гринейктер хикаясы» атты ертегі кітабы жарыққа шықты. Тұрмыстық қалдықты бөлек жинауды жүйелі жүргізуге  бағытталған «ЭкоАсар-3» шарасының қорытындысы бүгін шығарылды. Ақпан айынан басталған акцияға белсенді қатысқан ең үздік мектептер мен балабақшалар ӨКМ Операторынан алма бағын отырғызу үшін жер асты суаруды ұйымдастыруға ақшалай сертификаттармен марапатталды. [caption id="attachment_70417" align="alignnone" width="696"] Фото "ӨКМ Операторы" ЖШС баспасөз қызметінен[/caption] Сондай-ақ сұрыпталған қалдық саны бойынша үздік нәтиже көрсеткендерге сыйлыққа планшет табысталды. Акция аясында қатысушылар 17 211 кг қайталама шикізат (макулатура, пластик, шыны қалдықтары) жинап, қайта өңдеуге жіберді. Қайталама шикізатты тапсырудан түскен қаражат елордалық мектептер мен балабақшаларда көгалдандыруға, гүлдер мен ағаштар отырғызуға жұмсалмақ. 7 айға созылған «ЭкоАсар – игі істердің марафоны» акциясы өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға үлкен үлес қосқанын айтады мамандар. «ӨКМ Операторы» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, қалдықтарды бөлек жинау мен өңдеудің маңыздылығы туралы ақпаратпен 450 мыңнан аса адам танысқан. Айта кетсек, бұл жоба «ӨКМ Операторы» ЖШС пен Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының, Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы мен «Жас Ұлан» Республикалық қоғамдық бірлестігінің қолдауымен ұйымдастырылған болатын. Ал бұл акцияға «Clean city NC» қоқыс шығарушы компаниясы мен «Eco-KZ» ЖК қолдау көрсеткен.

-->